конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда шинкиокушинкай каратэден Азия біріншілігі...

Алматыда шинкиокушинкай каратэден Азия біріншілігі аяқталды

Спорт 27.07.2023, 05:02 1,209
Алматыда шинкиокушинкай каратэден Азия біріншілігі аяқталды
Сурет: Olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы дүбірлі дода елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.


Құрлықтың бірнеше елінен келген 200 ден аса спортшы екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. 13 жасқа дейінгі өрендер арасында Ергеш Әмірхан ер мінез танытты.


Ол финалда тәжірибелі қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ 15 жасқа дейінгі үміткерлер сайысында Елхан Дәулетбек қарсылас шыдатпады. Алматылық Михаил Бабаевтың да жеңісін жұрт көрді. 8 жасынан каратэні серік еткен Рауан Әмзебектің де бағы жанды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз топ жарды. «Халықаралық федерация бұл жарысты бізге жәйдан-жәй бере салған жоқ. Шинкиокушинкайдың қыр-сырын аз ғана уақытта әбден меңгеріп алған қазақ каратэшілері әлемдік жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Сондықтан мамандар бізге үлкен сенім артты, сол сенімді ақтадық»- дейді федерация басшылары.



«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті деп нық сеніммен айта аламын. Алматыға Азия федерациясының вице-президенті жапониялық Фумиаки Нагашима арнайы келіп осы жарысты тамашалады.  Және оң бағасын берді. Болашақта әлем біріншілігін ұйымдастыруды да жоспарлап отырмыз. Қазір Қазақстанда шинкикушинкаймен айналысатын спортшылардың қатары жыл сайын артып келеді. Енді алдымызда әлем біріншілігі күтіп тұр. Дүниежүліік жарыста да біздің жігіттер жүлделі орыннан көрінеді деген үміт басым», - дейді ҚР шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті Болат Бақтаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #каратэ #Азия біріншілігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгін 19:55

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Бүгін 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);