конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда шетелдіктерді емханаларға тіркеу тәртібі...

Алматыда шетелдіктерді емханаларға тіркеу тәртібі жайлы айтылды

Медицина 17.10.2022, 07:30 1,656
Алматыда шетелдіктерді емханаларға тіркеу тәртібі жайлы айтылды
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ЕАЭО елдерінен келген шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттары Алматыдағы емханаға қалай тіркеліп, қалай медициналық көмек ала алатыны жөнінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова Қазақстанда 15 қазанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін таңдау арқылы жыл сайынғы тіркелу науқаны басталғанын және ол 15 қарашаға дейін жалғасатынын айтты.



«Бүгінде Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 73 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы көрсетеді, оның 40-ы мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Бүгінгі таңда 6 жаңа тапсырыс жеткізуші алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге және тіркеуге ниет білдірді», - деді Г.Ысқақова



Тіркелудің үш мүмкіндігі бар: тіркелу науқаны аясында, еркін таңдау және қоныс аударуға байланысты. Г.Ысқақова қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмектесіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұрғылықты жерде орналасқан емхананы таңдауды ұсынады.


Сондай-ақ ол өткен жылдың 15 тамызынан бастап шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу ережелері өзгергенін айтты. Енді оларда ерікті медициналық сақтандыру шарты болуы керек.



«Егер шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын болса немесе тұруға ықтиярхаты болса, ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көмек алуға құқылы. Бүгінгі таңда Алматы қаласының емханаларына 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Олардың ішінде Ресей Федерациясының 5 мыңнан астам азаматы бар», - деді Г.Ысқақова.



Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті емдеу-профилактикалық іс-шаралар бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева науқан барысында алғашқы медициналық-сараптамалық көмек ұйымына тіркелген азаматтар ол арқылы тек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайтынын айтты. Яғни, 31 желтоқсанға дейін оларға бұған дейін тіркелген емханада қызмет көрсету жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #емхана #Ысқақова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);