Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда шала туған сәбилердің жүздеген ата-анасы...

Алматыда шала туған сәбилердің жүздеген ата-анасы дәрігерлерге алғыс айтты

Медицина 17.11.2022, 13:51 2,008
Алматыда шала туған сәбилердің жүздеген ата-анасы дәрігерлерге алғыс айтты
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні атап өтілді


Осы мерекеге байланысты Алматы қаласының перзентханаларында салтанатты іс-шаралар өтті, онда бір кездері шала туған балалары бар отбасылар шақырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



– Бүгін бізді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына шақырды. Мен қызымды жүктіліктің 25-аптасында дүниеге әкелдім, оның салмағы 527 грамм болды, жағдай өте қиын болды, -деп бір жыл өтсе де, көзіне жас алып есіне алады Меруерт Сүлейменова. - Мен мұнда екінші баламды да - ұлымды босандым, өкінішке қарай, оның салмағы 900 грамм болды. Осы жағдайдың бәрі менің басымнан өткеніне әлі де сене алар емеспін. Бірақ дәрігерлердің арқасында біз барлық қиыншылықты жеңе алдық. 3 ай бойы жансақтау бөлімшесінде, тағы екі ай патология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болдық. Қазір балаларымның жағдайы, денсаулығы бәрі жақсы, тьфу тьфу тьфу…



Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының пациенті Айгүл Үксікбаева да өз пікірімен бөлісті:
– Бірнеше жыл өтсе де баламның өмірі үшін күрескен әрбір күн әлі есімде. Мен жүктіліктің алтыншы айында босану мерзімінен бұрын басталды.
Ұлымды жүктіліктің 24-аптасында дүниеге әкелдім, оның салмағы 680 грамм болды. Мерзімінен бұрын туғандықтан, 24-аптада оның ішкі құрылымы толық дамымаған еді. Ол өздігінен дем ала алмады және оны бірден реанимацияға алып кетті. Ұлым екеуміз перзентханадан дәл үш айдан кейін шықтық. Осындай қиын кезеңде баламды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған барлық дәрігерлер мен медбикелерге алғыс айтқым келеді, - дейді ол.




Алматы қаласының №2 қалалық перзентханасының пациенті Назгүл Орынбаева:
– Мен де ұлымды мерзімінен бұрын босандым. 10 күн бойы акушер, неонатолог және анестезиолог мамандар жансақтау бөлімшесінде баланың өмірі үшін күресті, төрт күн бойы тыныс алу жолдарындағы тұрақты оң ауа қысымы аппаратында болды. Содан кейін бізді одан әрі күтім жасау үшін неонатология бөлімшесіне ауыстырып, онда мен сәбиіммен бірге болдым. Күн сайын ұлым салмақ қосып отырды. №2 қалалық перзентхананың дәрігерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында менің баламның жағдайы қалыпқа келді. Бүгінде балам 1,5 жаста. Мен дәрігерлерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді баланың анасы.




Алматының штаттан тыс бас педиатр-неонатологы, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бас дәрігерінің орынбасары Елена Плужникованың айтуынша, егер бала жүктіліктің 37-аптасына дейін туған болса, шала туған болып саналады.


Мерзімінен бұрын босанудың себептері әйелде созылмалы соматикалық патологияның, өндірістегі жаман 
әдеттердің немесе кәсіптік зияндылықтың, анада жатырішілік инфекцияның болуымен байланысты болуы мүмкін. Себебін анықтау мүмкін болмайтын кездер де болады.



«Статистика бойынша Алматыда шамамен әрбір 12-бала шала туады. Жыл сайын мегаполисте 37 аптаға дейінгі мерзімде 5 мыңға жуық бала туады, олардың 250 - ден астамының дене салмағы өте төмен - 1000 грамға дейін», – деп атап өтті Елена Плужникова.




Барлық шала туған нәрестелер арасында дене салмағы өте төмен (1 кг-нан аз) балаларда денсаулықтың ерекше қиындықтары байқалады.



«Мұндай балаларды күту үшін күрделі жабдықтар, қымбат дәрі-дәрмектер, жоғары білікті медициналық қызметкерлер және, әрине, ата-ананың шексіз сүйіспеншілігі мен шыдамдылығы қажет. Шала туған нәрестелерді күту нақты, жоғары технологиялық және ең қарқынды күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, шала туған нәрестенің тууы тек материалдық және физикалық қолдауды ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмекті де қажет ететін ата-аналар үшін ең ауыр стресс болып табылады, өйткені шала туған балаларды күту және тәрбиелеу тек дәрігерлерден ғана емес, ата-аналардан да ерекше білімді, дағдыларды, шыдамдылықты, табандылық пен жауапкершілікті талап етеді», – деп маман өз пікірін білдірді.



Айта кету керек, Алматыда аналар мен балаларға перинаталдық көмек көрсету жүйесі нақты және үйлесімді жұмыс істейді, соның арқасында шала туған балаларды күту, емдеу және оңалтудың неғұрлым прогрессивті әдістерін уақтылы және заманауи қолдану 1,5-2 жасқа дейін өз қатарластарын қуып жетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шала туған #Нәресте #дәрігер #алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика