ffin.kz

Алматыда «Сенім» демалыс орталығы ашылды

Алматыда «Сенім» демалыс орталығы ашылды сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Бұл жоба қарттарды жұмыспен қамтуға, олардың дамуына және сауығуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.


Наурызбай ауданындағы «Alma city» тұрғын үй кешенінің аумағында қарттарға арналған «Сенім» демалыс орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 


«Qazaq Stroy» құрылыс компаниясының ерекше жобасының тұсаукесеріне жиналған қауымның қарасы өте көп болды. Жиналған жұрт «Сенім» демалыс орталығының ауласында Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесін тойлады. Тұрғындар қонақтарға арнайы жайылған мол дастарханнан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты. Сондай-ақ, салтанатты шараға арнайы шақырылған қонақтардың тәлімді әңгімелерін тыңдап, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.  



Қазақстан Республикасы ресми түрде қарты көп елге жатады. Егде жастағы жандар халықтың 11% құрайды. «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясының  дерегіне сәйкес  Алматы зейнеткерлер саны бойынша Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарынан кейінгі үшінші орында екен.


Қарттарды жұмыспен қамту ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды іс. Әдетте үлкен адамдар зейнетке шыққанан кейін өздерін қоғамға қажетсіз санап, одан әрі дамуын тежейді. Сондықтан да ата-әжелеріміздің денсулығы да сыр беріп, отбасында бала-шағасымен арасында келіспешіліктер туындайды, бұл қарттардың өмір сапасының нашарлауына әкеледі. Бір отбасыда әр түрлі буын өкілдері өмір сүргендіктен, түрлі көзқарастардың болатыны заңдылық. Кей жағдайда жастар бөлек шығып, ата-аналары өздері қалады, міне осылайша жалғызбасты қарттардың саны артып, қарым-қатынас тапшылығы мен әлеуметтену мәселелері басталады.



Бұл жоба қарттарды жұмыспен қамтуға, олардың дамуына және сауығуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Сонымен қатар, зейнет жасынжағы адамдардың өздері қызығатын бағыттағы салаларды тегін үйренуіне мүмкіндік береді. «Сенім» демалыс орталығы тұрғын үй кешенінің аумағында орналасқандықтан, осы кешенде тұратын қарттарға үй аумағынан шықпай-ақ үйірмелерге бару ыңғайлы.


«Qazaq Stroy» компаниясы егде жастағы адамдар үшін басқа да тұрғын үйлерде осындай демалыс орталықтарын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл зейнетке шыққаннан кейінгі өмірдің жаңа мәдениетін қалыптастыруға, зейнеткерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, сол арқылы өмір сапасын жақсартуға және күрделі әлеуметтік мәселелерін азайтуға жол ашады.



«Сенім» демалыс орталығының ашылуына, зілтемір көтеру және бітімге тартудан  Азия мен Қазақстанның қазіргі чемпионы 76 жастағы  Казанцева Светлана Ивановна және  өткен жылы әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жүзуден екі бірдей медаль жеңіп алып, сенсацияға айналған 61 жастағы мүмкіндігі шектеулі Чакер Смағұлов қатысты. Сондай-ақ «Аружанмен бой сергіту жаттығулары» спорттық бағдарламасының тұрақты жүргізушісі және «Мейірімділік» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин, бодибилдингтен Еуропа, Азия және Қазақстан әлем чемпионы, белгілі қоғам қайраткері және ірі спорттық іс-шаралардың идеялық шабыттандырушысы Уәлихан Тен қатысты.



Чакер Смағұлов, 61 жастағы мүмкіндігі шектеулі спортшы:


 Спорттың арқасында дертті жеңдім


-  Мен  2013 жылдан бері жүзу спортымен айналысып келемін. Жеткен жетістіктерім де аз емес. Жүзуден Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Алматы облысының он дүркін чемпионы болдым, жүзуден спорт шеберімін. Спорт менің денсаулығымның мықты болуына септігін тигізді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ковидпен ауырдым. Сол кезде спорттық жаттығулар арқылы емделдім, жүрегім сыр берген кезде де спорттың арқасында дертті жеңдім. Сондықтан қанша жасқа келсе де адам спортпен айналысуы керек деп санаймын. Дені сау адамның жаны да тыныш.   



«Сенім» демалыс орталығында йога сауықтыру жүйесі, бильярд, үстел теннисі, фитнес бағдарлама, шахмат, дойбы, домино, тоғыз құмалақ, вокал студиясы, караоке, хор, музыкалық-театр үйірмесі, актерлік шеберлікке үйрету, компьютерлік сауаттылық және әлеуметтік желі, отбасы психологиясы, менталды қабілеттілік секілді үйірмелер жұмыс істейді. Орталық басшысы Гүлжан Нұртаеваның айтуынша, болашақта бұл бағдарлама халықтың сұранысы мен ұсынысына орай кеңейетін болады.


 


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04