ffin.kz

Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді Өңірлік коммуникациялар қызметі

 Осыған байланысты мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады.



  • 23 ақпанда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс Күні аясында сағат 10:00-де Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады.

  • Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен ТЖМ жедел тобы келіп, мегаполис тұрғындары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастағанын атап өтті.


Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты қала тұрғындарының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру болып табылады, осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындайды. Электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық алаңдар қауіпсіз орындар болып саналады.



«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қала ұйымдарында объектілік сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлы түрде 500 оқу-жаттығулар өткізілді, оның 191 сейсмикалық дайындық болып табылады. Бұл жұмыстар жалғасуда», - дейді Н.Атығаев. 




  • Жалпықалалық сеймикалық жаттығуға алдын ала дайындалу қажет. 21 ақпаннан бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталды, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы хабарланатын облады.

  • Сейсмикалық жаттығулар өткізілетін күні сағат 10.00де сирена электр дабылдарын қосу арқылы, теле-, радиоарналарды автоматты түрде қамтуымен қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады. 


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басшысы Рустамбек Амрин бұл сейсмикалық жаттығудың республикалық екенін атап өтті. 



«Ертең бүкіл республика бойынша барлық жерде осы іс-шара өткізіледі, оның аясында  сирена сияқты дыбыс ойнап, өзін-өзі эвакуациялау элементтері ретінде сигнал алу элементтері пысықталатын болады. Бұл барлық жерде республика бойынша жоспарлы түрде өтетін болады. Бұл жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі, бұл заңмен бекітілген. Төтенше жағдайлар министрінің тікелей тапсырмасы бойынша біз Алматы қаласына келдік. Шынында да, сейсмикалық жаттығулар кезінде бізде негізінен білім беру, денсаулық сақтау объектілері, мемлекеттік мекемелер жұмыс істейді. Бұл сейсмикалық жаттығуда біз тұрғын үй кешендері, МИБ, ПИК санатына белсенді көшеміз. Біз әрбір азаматқа ақпаратты жеткізуіміз қажет. Әрине, біз барлық жағдаларды түсінеміз. Дегенменде, таралып жатқан ақпаратпен танысыңыз, ввиедороликтерді қараңыз, ондағы кеңестер ең алдымен сізге және жақындарыңызға қажет», - деп түсіндірді спикер.



Сейсмикалық жаттығулардың жылдың суық мезгілінде өткізілуіне байланысты, ТЖД барлық ұйым басшыларын, қала тұрғындарынан жылы киініп эвакуациялануды сұрайды.



ТЖМ және ТЖД қызметкерлері белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды, қоғам өкілдерін биік тұрғын үй кешендерінің подъезд басқарушыларын тарту бойынша тұрғын үйлерді аралауды белсенді жүргізуде. Қала тұрғындарының назарына жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар және дабыл дорбасын дайындау, халықты қабылдау пункттеріне дейін эвакуациялау жолдары туралы негізгі ережелер айтылып, түсіндірілуде. Сонымен қатар, оларға «Whatsapp» мессенджерлері арқылы тұрғындарға осы ұсыныстарды тарату ұсынылды. Қалада халықты қабылдаудың барлық 384 пункті іс жүзінде жұмыс істейтін болады. 



Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын белсенді қатысуға шақырады.


Естеріңізге сала кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады.



«Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар ұлттық ғылыми орталығының болжамды комиссиясының мәліметтері бойынша қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан өткізілетін қалалық сейсмикалық жаттығулар жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжаммен  байланысты емес», - деп қорытындылады ТЖД-да.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56