AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда сегіз айда 114 мыңнан астам әйел скрининг...

Алматыда сегіз айда 114 мыңнан астам әйел скринингтен өтті

Алматы Бүгін 14:38 42

Алматыда сүт безі ауруын ерте анықтап, оны диагностикалау мен емдеудің тәсілін жетілдіріп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Скринингтің мүмкіндігі, тексеру кезеңі мен емдеудің осы заманғы әдісі туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы онкологиялық орталығының мамандары айтып берді.

Алматы онкологиялық орталығының мамандандырылған консультативтік-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі Ақерке Оразбаева Қазақстанда сүт безі обырына арналған ұлттық скрининг бағдарламасы 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын аайтады. Бағдарлама аясында 40-тан 76 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда бір рет маммографиялық тексеруден тегін өтеді.

Скрининг медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында жүргізіледі. Сондықтан тексеруден өту үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесінің болуы талап етілмейді.

Биылғы жылдың сегіз айында Алматыда скринингпен 114 818 әйел қамтылды. Тексеру нәтижесінде 316 адамнан сүт безі обыры табылды. Оның 193-і 0-1 сатыда, 119 жағдайы екінші сатыда анықталған. Тағы төртеуі үшінші және төртінші сатыға жататын болып шықты.

«Скрининг бағдарламасы әйелдерді жүйелі түрде тексеріп, ауруды әртүрлі кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан әйелдер белгіленген кесте бойынша уақытылы тексеруден өтіп тұру керек», – дейді Ақерке Оразбаева.

Тексеру барысында қатерлі ісікпен қатар сүт безінің қатерсіз аурулары да анықталады. Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 26 588 адам тұр. Оның ішінде 4 534 адамнан қатерсіз ісіктер анықталған, ал қалғандары фиброзды-кистозды мастопатия диагнозымен маммологтың бақылауында.

Орталықтың дәрігер-онколог-маммологы Балзия Қалымбетова сүт безі обырын диагностикалау мен емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілетінін және бірнеше кезеңнен тұратынын айтты.

Алдымен биопсия нәтижелері бойынша ісіктің морфологиялық тұрғыдан расталуынан кейін иммуногистохимиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл ісіктің ерекшеліктерін анықтап, әрі қарайғы емдеу тактикасын таңдауға қажет.

Келесі кезең – аурудың сатысын анықтау. Мамандар ісіктің көлемін, аймақтық лимфа түйіндерінің жағдайын, сондай-ақ алыстағы метастаздардың бар-жоғын бағалайды. Ол үшін пациенттерге қажетті аспаптық зерттеу жүргізіледі. Оның қатарында кеуде қуысы, құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларының компьютерлік томографиясы, сондай-ақ мидың МРТ-сы бар.

Диагностиканың барлық кезеңі аяқталғаннан кейін пациент онколог, химиотерапевт, хирург, радиотерапевт пен сәулелік диагностика мамандары қатысатын онкологиялық консилиумда қаралады. Тексеру нәтижесі мен пациенттің жалпы жағдайына қарай жеке емдеу тактикасы анықталады.

«Емдеу әдісін таңдаған кезде морфологиялық және иммуногистохимиялық зерттеудің қорытындысы, аурудың сатысы мен пациенттің жалпы жағдайы ескеріледі. Бұл әрқайсысына ең қолайлы емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Балзия Қалымбетова.

Бүгінде Қазақстанда сүт безі обырын емдеудің әртүрлі әдісі қолданылады. Олардың қатарында хирургиялық және химиотерапиялық ем, таргеттік пен иммунотерапия, сәулелік және гормондық терапия бар. Көрсетілімге қарай пациентке емдеу аясында бір немесе бірнеше әдіс тағайындалуы мүмкін.

Мамандар қатерсіз түзіліс анықталған жағдайда да емдеу тактикасы жеке анықталатынын атап өтті. Түзілістің сипаты гистологиялық немесе цитологиялық зерттеу арқылы расталғаннан кейін, көрсетілімдер болған жағдайда пациентке хирургиялық ем тағайындалады немесе тіркелген жері бойынша маммологтың динамикалық бақылауына жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі көркейту жобалары бойынша мердігерлерге шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 15:09

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті

Бүгін 15:04

Алматының Түрксіб ауданында жаңадан алты мыңнан астам оқушы орны ашылды

Бүгін 15:00

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың ұсынысы бойынша 24 жоба жүзеге асып жатыр

Бүгін 14:56

Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылым қалай жаңарып жатыр

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);