AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған...

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Алматы 13.04.2026, 17:13 216 Сұлу
Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды
Алматы әкімдігі

Алматыда Сәтбаев көшесінде, Тілендиев көшесінің батыс жағында жүргіншілер өткеліне жаңа проекциялық жарықтандыру орнатылды. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, аталған аумақ жүргінші қозғалысының жоғары қарқынына байланысты таңдалған. Бұл маңда тұрғын үй кешендері, қоғамдық көлік аялдамалары мен сауда нысандары орналасқан, сондықтан көлік те, адам да көп.

Жаңа жарықтандыру өткелдің шекарасын айқын көрсетіп, әсіресе қараңғы уақытта жүргізушілерге жүргіншілерді ертерек байқауға мүмкіндік береді. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Жүйе автономды түрде жұмыс істейді және көше жарықтандыруымен біріктірілген. Соның арқасында ол тұрақты әрі қосымша шығынсыз тиімді қызмет етеді.

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған осындай заманауи шешімдерді енгізу жалғасып келеді. Егер жоба оң нәтиже көрсетсе, бұл тәжірибе басқа аудандарда да қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);