AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда самокат салдарынан екі адам қаза тапты

Алматыда самокат салдарынан екі адам қаза тапты

Заң мен тəртіп 05.10.2023, 08:35 1,085
Алматыда самокат салдарынан екі адам қаза тапты
Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері Алматыда самокаттардың қатысуымен 25 ЖКО тіркелген.


Оның салдарынан 2 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматы жолдарында мопедтер мен самокаттардың 50 мыңнан астамы бар, соған сәйкес жол-көлік оқиғалары да көбейген. Жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 25 ЖКО тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.



«Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар самокаттардың жұмысына қатысты жағдайды біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар жалғасып жатыр. Күні кеше ғана самокат айдауға туысы рұқсат берген 13 жасар бала қайтыс болды. Жас жігіт жаңадан келген және үлкен қаладағы көлік қозғалысына бейімделмеген. Салдарынан жасөспірім жүк көлігінің астында көз жұмды», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.



Полиция басшысы мопедтердің жұмысына байланысты сыни жағдайға да назар аударды. Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза болса, былтыр екі адам қаза болған.



«Жоғарыда келтірілген статистика негізді алаңдаушылықты тудырады. Самокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі. Егер көлікте қауіпсіздік белдігі немесе қауіпсіздік жастығы болса, онда екі доңғалақты көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары қорғансыз. Сондықтан олардың қатысуымен болған әрбір апат қайғылы аяқталады. Жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Ата-ана өз баласының қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті сезінуі қажет: қылмысқа немқұрайлылық танытпаңыз, балаңызды қорғаңыз, өз үлгіңізбен заңға құрметпен қарауды үйретіңіз», – деді Арыстанғани Заппаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #самокат #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);