AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауы...

Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауысты санау

Құрылтай 23.08.2026, 20:36 365
Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауысты санау

Алматыда сайлау учаскелері жабылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ел тарихындағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өткен қарбалас күн мәресіне жетті. Енді келесі кезең – бюллетень мен дауысты санау басталады. Бұл үдерісті тәуелсіз байқаушылар қадағалайды.

Алматы үшін бүгінгі күн расында да ерекше өтті. Таңертең сайлау учаскелері ашылған сәттен-ақ кейбірінде кезек пайда болды.

Мәселен, Қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде сағат 7:00-ден 7:30-ға дейін алғаш келген 150 сайлаушы дауыс берді. Тұрғындар таңдауын жасау үшін учаскеге алдын ала келген.

Күні бойы сайлау учаскелерінде ерекше ахуал қалыптасты. Сайлаушыларды комиссия мүшелерімен қатар, шығармашылық ұжымдар да қарсы алды. Бірқатар учаскеде музыка әуелесе, енді бірінде әйгілі Құрманғазы атындағы оркестр өнер көрсетті.

Қоғамдық өмірге белсене араласуды бұрыннан дәстүрге айналдырған азаматтар да бұл күннің өзіндік нышанына айналды.

Қарапайым қала тұрғындарымен қатар, танымал алматылықтар, мәдениет өкілдері және басқа да қоғамға белгілі тұлғалар таңдау жасады.

Қаланың құрметті тұрғындары мен ардагерлердің сайлауға қатысуы ерекше назар аудартты. Олардың арасында 100 жасқа толған алматылықтар да бар. Олар азаматтық ұстанымның жасқа қарамайтынын үлгісімен көрсетті.

Алайда Алматыдағы сайлаудың басты ерекшелігінің бірі – креатив болды.

Қала тұрғындары сайлау учаскесіне баруды нағыз перформансқа айналдырды. Бірі футболдың жарық жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесінде келсе, енді бірі антикалық дәуірдегі Одиссей кейпіне енді, ал тағы бір учаскеде Пенелопа пайда болды. Тосын бейнелер мұнымен де шектелмеді – Алматы тіпті Канье Уэстің кейпіндегі сайлаушымен таңғалдырды.

Осылайша, азаматтық белсенділік, әзіл мен қала мәдениеті өзара үйлесім тапты. Алматылықтар таңдау жасауға асқан жауапкершілікпен қарап, сонымен бірге оған шығармашылық тұрғыдан келуге болатынын тағы бір көрсетті.

Бұл күні Алматы тұрғындарының тағы бір дәстүрлі сүйіспеншілігі – хош иісті кофе мен дәмді тағам да назардан тыс қалмады. Көптеген учаскеде жылжымалы кофеханалар жұмыс істеп, маңайында фермерлік өнімдер ұсынылған азық-түлік жәрмеңкелері өтті. Сондықтан кейбір қала тұрғындары үшін сайлауға бару бір шыны кофе ішіп, балғын өнімдер сатып алуға әрі отбасымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берді.

Алматыдағы сайлау күні осылай өтті: таңертеңнен басталған кезек, әуезді музыка, шығармашылық іс-шаралар, танымал тұлғалар, ардагерлер, жастар мен тосын бейнелер бұл күнге ерекше реңк берді.

Енді күннің мерекелік бөлігі аяқталды. Сайлау учаскелері жабылып, бюллетень санау басталды, ал байқаушылар бұл үдерісті бақылауды жалғастырып жатыр.

Дауыс беру аяқталды. Енді дауыстарды санау басталады. Айта кетейік, сайлау учаскелерінің ешқайсысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);