конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Республика алаңын көріктендіру аяқталды

Алматыда Республика алаңын көріктендіру аяқталды

Алматы Бүгін 11:58 44 yakiya
Алматыда Республика алаңын көріктендіру аяқталды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында аяқталған көріктендіру жұмыстарының нәтижесімен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жұмыс сапары барысында оған қаланың басты қоғамдық кеңістіктерінің бірі – Республика алаңын қайта жаңғырту қорытындысы таныстырылып, сондай-ақ Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Луганский көшесіне дейінгі аралығын кешенді көркейту жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Жобаның тұжырымдамасын Ұлыбританияның Лондон қаласындағы LDA Design компаниясы әзірлеген. Бұл жұмысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты негізінде жүргізді.

Жобаның басты мақсаты – жүргіншілерге басымдық берілетін, заманауи, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру. Республика алаңында көріктендірілген аумақтың жалпы көлемі 4,5 гектар.

Алаңда қоғамдық кеңістіктің жабындары толық жаңартылып, инженерлік желілер, сыртқы жарықтандыру және автоматтандырылған суару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды. Құрылыс барысында пайдалану мерзімі 10 жылдан заманауи, төзімді материалдар қолданылды. Бұл алдағы уақытта аумақты күтіп-ұстау шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Көгалдандыру жұмыстары ауқымды көлемде жүргізілді. Алаңға 233 ірі ағаш, 63 мыңнан астам бұта және 17,7 мың көпжылдық өсімдік егіліп, көгалдар мен беде жамылғысы төселді. Кешкі уақытта жасыл желек сәулеттік-көркем жарықпен әрленіп, қоғамдық кеңістіктің ажарын аша түседі. Сонымен бірге, аумаққа 129 заманауи жарық шамы орнатылып, алаң толық жарықтандырылды.

Тұрғындардың жайлы демалысы үшін заманауи балалар ойын алаңдары, серуендеу жолдары, демалыс аймақтары және екі амфитеатр салынды. Сондай-ақ, алаңда велосипед жолақтары жасалып, олар болашақта Сәтбаев көшесі бойымен өтетін бірыңғай веложол желісінің құрамына енеді. Бұдан бөлек, орындықтар, қоқыс жәшіктері, велосипед тұрақтары, үстелдер, креслолар, ландшафтық жиһаздар, аркалар және басқа да шағын сәулет нысандарын қамтитын 500-ден астам көріктендіру элементі орнатылды.

Жаңартылған алаңның басты ерекшеліктерінің бірі – қоғамдық кеңістіктің жаңа ландшафтық келбетін айшықтайтын сегіз сәндік су айдыны. Бұған қоса, бұрыннан бар субұрқақтар толық жөндеуден өткізіліп, заманауи жаңа субұрқақ кешендері салынды. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналмақ.

Жоба аясында көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Сәтбаев көшесінде жаңа қоғамдық көлік аялдамасы пайдалануға беріліп, қаланың әкімшілік әрі іскерлік орталығына қатынау мүмкіндігі жақсарды. Сонымен қатар қосымша бағдаршамдар орнатылып, реттелетін жүргіншілер өткелдері жасалды және халықтың барлық санатына қолайлы кедергісіз орта қалыптастырылды.

Жобаны іске асыру барысында ескі жабындар алынып, жаңа инженерлік коммуникациялар тартылды, автоматты суару жүйесі, павильондарға арналған негіздер және басқа да қажетті құрылыс жұмыстары орындалды.

Жоба толық аяқталған соң Сәтбаев көшесі бойында біртұтас заманауи қоғамдық кеңістік қалыптасады. Ал жаңарған Республика алаңы Алматының ең көрікті әрі тартымды қоғамдық орындарының бірі ретінде тұрғындар мен қала қонақтарына серуендеуге, тынығуға, спортпен айналысуға, мәдени іс-шаралар мен мерекелік басқосулар өткізуге қолайлы мекен болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көріктендіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрегелді Шармановтың ұлы Астана медицина университетіне әкесінің есімі берілуіне байланысты Президентке алғыс білдірді

Бүгін 12:11

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);