Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматыда референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылд...

Алматыда референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

Референдум - 2022 07.05.2022, 09:11 1,187
Алматыда референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

Басты мақсат – референдумды қолдау үшін қоғамдық пікір қалыптастыру


    Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штабтың құрамына ірі ұйымдардың 23 өкілі, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар мен ардагерлер қауымы енді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды.


     Штаб мүшелері еңбек ұжымдарына, кәсіпорындарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қала аудандарын аралайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында штаб басшысы  Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының басшысы Рахман Алшанов мәлім етті.



– Біздің мақсатымыз – жалпыхалықтық референдумды қолдау үшін қоғамдық пікір қалыптастыру. Алматы әрқашан ірі саяси оқиғалардың ошағы болып табылады. Қаламыз өте белсенді. Бүгін біз қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен жиналып, референдумды қолдайтын Қалалық штаб құруды ұсынып отырмыз,  – деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының басшысы Рахман Алшанов.



    Мемлекет басшысының Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобы төрағасының орынбасары Светлана Ананьева да қолдады. Оның пікірінше, Президент Қазақстан халқының бірлігіне үлкен мән береді.



– Ассамблея Қазақстан халқының мүддесіне қызмет етеді. Ең бастысы да осы. 5 маусымға белгіленген референдум Қазақстан дамуының аса маңызды бағыттары туралы қазақ қоғамының пікірін білдіруге бағытталған. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Біз оны мақтан тұтамыз. Ендеше, Президентіміз атап көрсеткендей, біз этностарымыздың мәдениетінің алуан түрлілігін сақтауымыз керек, – деді спикер.



     Естеріңізге сала кетейік, референдумның өз деңгейінде өтуіне оған қатысу үшін тізімге енгізілген қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс беруі керек. Дауыс беруге бір ғана сұрақ қойылады. Екі ықтимал жауап болады: «жақтаймын» немесе «қарсымын».


     Референдумды қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің пікірінше, Конституцияға енгізілген өзгерістер Үкімет халқына есеп беретін ықпалды Парламенттің, нағыз халықтық мәслихаттардың жұмыс істеуінің тиімді тетіктерін қамтамасыз етеді.  Олар ұсынылып отырған конституциялық реформа ережелері қабылданса  саяси плюрализм мен бәсекеге қабілетті демократиялық ортаның дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынына бек сенімді.


      Қоғамдық штаб мүшелері барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолындағы бұл жалпыхалықтық шараға  ынта-жігермен,  белсенді азаматтық жауапкершілікпен жұмылып,  республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырады.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Ассамблея #қоғамдық штаб #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика