Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Мұны білген жөн 03.03.2026, 12:30 142
Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты
depositphotos.com

Алматыда жыл басталғалы бері қалада осы ауруды жұқтырған 591 адам тіркелген, олардың басым бөлігі – вакцина алмаған балалар екен. Бұл туралы қызылша мен ЖРВИ бойынша қазіргі ахуал, алдын алу мен денсаулық сақтау жүйесінің дайындығына арналған Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, аурушаңдықтың өсуі былтырғы қараша айында басталған. Сол кезде қызылшамен ауырған 30 адам тіркеліпті. Желтоқсанда олардың саны 142-ге дейін өсіп, қазір барған сайын көбейп барады. Жыл басынан бері аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 26,9.

«Алматы қаласында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 2026 жылдың басынан бері біз 591 расталған жағдайды тіркедік, аурушаңдықтың өсімі ұлғайып барады. Инфекцияның таралуының негізгі себебі – вакцинацияның болмауынан», – деді спикер.

Ең көбі Алатау ауданында – 239, сондай-ақ Наурызбай, Бостандық пен Әуезов ауданында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың 89 пайызы қызылшаға қарсы егілмеген. Вакцина алмаудың негізгі себептері – екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілім мен екпе жасына жетпеу болған.

«Қызылшамен көбіне екпе алмағандар ауырып жатыр. 591 адамның 527-сінде вакцинация болмаған, оның жартысынан астамы – ата-анасы бас тартқандар. Бұл инфекцияның таралуы мен эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Алпысбайұлы.

Жас құрылымы бойынша сырқаттанғандардың 94 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Әсіресе бір жасқа дейінгі және бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар осал топқа кіріп отыр. Ауырғандардың басым бөлігі балабақшаға бармайтын ұйымдастырылмаған балалар. Сонымен қатар мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарда да қызылшамен ауырғандар тіркеліп, эпидемияға қарсы қосымша іс-шаралар енгізілді.

«Аурудың барлық ошағында жедел түрде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Алты мыңнан астам байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды, 700-ден астам адам эпидкөрсеткіш бойынша вакцинацияланды. Мектептер мен балабақшаларда таңертеңгі сүзгі күшейтіліп, жаппай іс-шаралар шектеліп, екпе алмаған балалар уақытша бөлінді», – дейді қаланың бас санитариялық дәрігері.

Алматыда балаларды толықтыру мен қосымша иммундау жұмысы қолға алынды. Бір жас пен алты жаста, сондай-ақ бұрын екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балаларды және 6 айдан 10 айға дейінгі сәбилерді қосымша жоспарлы вакциналау жұмысы жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері қызылшаға қарсы 7 мыңнан астам бала екпе алды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары вакцинация қызылша мен оның асқынған түрінен қорғанудың жалғыз тиімді жолы екенін атап өтіп, ата-аналарды балаларына уақытылы екпе салдыруға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қызылша #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Бүгін 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

Бүгін 17:50

Алматыда қолжазба мұрасын зерттеуге арналған халықаралық жазғы мектеп өтеді

Бүгін 17:30

Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика