AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі

Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі

Әлеумет 25.12.2024, 11:05 1,252 Bakyt
Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа ережеге сай бастапқы кезеңде заңсыз құрылыстың жолын кесуге болады

Алматы Мәслихатының XXVI кезектен тыс сессиясында құрылыс-монтаж жұмыстарының көтергіш және (немесе) қоршау құрылымдарын салу мен қайта құруға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында құрылыс нысандарына кіру тәртібі бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл құқықтық акт жобасын Алматы қаласының Қалалық құрылыс бақылау басқармасы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірледі.

Қазіргі таңда сәулет-құрылыс бақылау органдарының құрылыс нысандарына кедергісіз кіру мүмкіндігі жоқ екені белгілі. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ресми өтініштердің негізінде ғана тексеруге болады.

Құрылыс нысандарына кірудің бекітілген тәртібі бойынша инспекция жүргізуге негіз ретінде рұқсат құжаттары жоқ құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуі, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауы секілді фактілер қызмет ете алады. Осылайша, бұл тәртіп бастапқы кезеңінде заңсыз құрылыстың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, тексеру жүргізу үшін нысанда тиісті түрде хабарланған мүдделі тұлғаның болмауы инспекция жүргізуге кедергі болып саналмайды. Бұл жоспардан тыс тексерулер жүргізу талаптарынан ерекшеленеді.

Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастырады. Алайда инспекция аясында анықталған бұзушылықтар болған жағдайда жаңа тәртіп бұзушылықтарды жою үшін аудан әкімдігінің хаты негізінде жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұл құқықтық акт Әділет департаментінде тіркелуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);