Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының нысана көздеуден қола жүлдегері Ислам Сәтбаев №685 сайлау учаскесінде дауыс беріп, таңдау жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Олимпиададағы сәтті өнерінен кейін спортшы әлеуметтік желілерде кеңінен танылды. Бүгінде ол отандық спорт қауымдастығындағы көпшілікке жақсы таныс тұлғалардың бірі.