Бүгін Алматыда Құрылтай есімді екінші қала тұрғыны дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Құрылтай Мансұров Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Осылайша, бүгін Құрылтай есімді екі алматылық дауыс берді. Бұған дейін Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесінде Құрылтай Сәткенбаев дауыс берген болатын.