Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев айтты. Ол тұтынушыларға заң көмегі көрсетілетінін атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Биылғы 10 айда ведомствоға 5500-ден астам өтініш түскен.
«Департаментке жыл өткен сайын өтініштердің көп түсуі халықтың сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша тұтынушылармен тұрақты түрде жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру жұмыстарының нәтижесі», - деді Нұрлан Әбдиев өз сөзінде.
Қазіргі уақытта сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау желісі бойынша жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 271 хаттама жасау түрінде әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.
Спикер журналистерге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің «Сапалы Өнім» жаңа әлеуметтік жобасын іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл жоба отандық өндірушілерді және ішкі нарықты қауіпті және сапасыз өнімдерден қамтамасыз ету, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты және тиімді қорғау және жалпыұлттық мүдделерді іске асыру үшін үкіметтік емес секторды тарту мақсатында әрекет етеді.
«Бізде тұтынушылар лигасының президенті Романовская Светланамен өзара іс - қимылдың өте тығыз және іскерлік процестері қалыптасты, оның барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы көптеген проблемалық мәселелер шешілді», - деп жалғастырды ол.
БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып, Нұрлан Әбдиев тұтынушылардың өздерін қалай қорғай алатынын айтты. Сатушы мен тұтынушының қарым-қатынасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңға сәйкес құрылуы керек, бұл мәміле тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын нормативтік құжат.
«Сатушылар тұтынушыларға толық құқығы бар нәрседен бас тартып, халықтың заңнан хабарсыздығын жиі пайдаланады. Мысалы, егер сіз чексіз келген болса, сапасыз өнімді қайта алудан бас тартады. Сондай-ақ, тұтынушылар көбінесе жосықсыз сатушылармен кездеседі: пошта арқылы тұтынушы тапсырыс берген тауардың орнына басқасы келеді, немесе сапасы жарнамада немесе интернет - сайтта айтылғандарға сай болмай жатады», - деді департамент өкілі.
Ол тауарларды онлайн сатып алу кезінде дүкен туралы ақпаратты мұқият зерттеуге шақырды. Егер тұтынушы ірі және танымал компанияның сайтымен тапсырыс беретін болса, өзіңіздің браузеріңіздің мекен-жай жолына ресурстың мекен-жайын дұрыс жазғаныңызға көз жеткізу керек. Қажет болған жағдайда дүкен әкімшілерінен заңды тұлға туралы ақпарат беруді, оны салық органдарының жалпыға қол жетімді дерекқорлары мен заңды тұлғалардың тізілімін қолдана отырып тексеруді талап ету керек.