AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда құнды жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр

Алматыда құнды жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр

Не? Қайда? Қашан? 26.03.2025, 15:08 1,273
 Алматыда құнды жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр
Алматы музейі

Әл-Фарабидің 1155 жылдығы мен Отырар музейінің 45 жылдығына арналған көрме Алматыда ашылды

Алматы музейінде әлемге танымал ғұлама ғалым әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының 45 жылдығы аясында «Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым мен мәдениеттің сабақтастығы» атты тақырыптық көрме ашылды.

Көрмеге Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорынан алынған 200-ден астам құнды жәдігер қойылған. Экспозицияда Отырар алқабындағы қалалық мәдениет, егіншілік, сауда және өндіріс салаларына қатысты артефактілер таныстырылуда.

Бұл көрме Алматы тұрғындары мен қонақтарына ортағасырлық Отырар қаласының мәдени мұрасымен танысуға, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының бойындағы өркениеттің даму тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

Көрмеде:

  • Отырартөбе, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Пышақшытөбе, Көк-Мардан, Күйік-Мардан, Жалпақтөбе, Қоңыртөбе, Оқсыз секілді ежелгі қалажұрттар;

  • Сауда мен қолөнер орталықтары;

  • Арыстанбаб, Найман әулие және басқа да киелі қорымдар мен архитектуралық ескерткіштер туралы ақпараттар мен жәдігерлер ұсынылған.

Көрме 1 ай бойы жалғасады.

Ортағасырлық Отырар мәдениеті, Отырар археологиясы, әл-Фараби, Ұлы Жібек жолы, Алматы музей көрмесі сынды тақырыптар қызықтыратындар үшін бұл – таптырмас мүмкіндік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әл-Фараби #Отырар музейі #Жібек жолы #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);