AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сап...

Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сапасы тексерілген өнімді демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Алматы Бүгін 17:59 49 yakiya
Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сапасы тексерілген өнімді демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады
Алматы әкімдігі

Алматыда құлпынай маусымы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде балғын жидек сауда желілерінде, базарларда және демалыс күнгі өтетін жәрмеңкелерде кеңінен ұсынылған. Өнімнің негізгі бөлігі Алматы облысының Қарасай ауданынан жеткізіледі. Қазір мұнда терім науқаны қызған. Сондай-ақ, сауда орындарында Түркістан облысынан әкелінген өнімдер сатылуда, ал жемістер мен бақша дақылдарының бір бөлігі Өзбекстан мен Қырғызстаннан жеткізіледі.

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Саудаға шығарылар алдында барлық өнім уәкілетті органдардың міндетті бақылауынан өтеді. Өнімнің шығу тегін растайтын құжаттардың болуы, санитарлық талаптардың сақталуы және сақтау шарты тексеріледі. Бақылау жеміс-көкөніс өнімдеріне де, жануарлардан алынатын өнімдерге де жүргізіледі.

Алматы тұрғындары маусымдық жидектерді, жемістер мен көкөністерді қаланың сауда нысандарынан, сондай-ақ демалыс күнгі жәрмеңкеде тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Құлпынайдан бөлек, жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдерінің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдері және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері бар. Жалпы жәрмеңкеге 1000-нан астам тауар түрі ұсынылады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының, сондай-ақ, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері де өнімін ұсынады. Фермерлер мен өндірушілердің өнімі тікелей жеткізілетіндіктен, тұрғындар делдалсыз балғын өнімді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Алматы» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп демалыс күнгі жәрмеңкені кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс санитарлық жағдайды жақсартуға, аумақтарды көріктендіруге, сауда инфрақұрылымын жетілдіруге және сатып алушылар мен саудаға қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бүгінде жәрмеңкелер қаланың Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу және Жетісу аудандарында жұмыс істейді. Жаңғырту жұмыстары «Қазақфильм» шағынауданындағы және Өтеген батыр көшесі бойындағы 5-шағынаудандағы алаңдарда жүргізілуде. Сонымен қатар биыл мамыр айынан бастап Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке іске қосылды. Бұл Жетісу ауданы тұрғындары үшін сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда ұйымдастырылады:

– Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы (Алмалы ауданы);

– Рысқұлбеков көшесі, 33/2 (Әуезов ауданы);

– «Қазақфильм» шағынауданы (Бостандық ауданы);

– Құлагер шағынауданы (Жетісу ауданы);

– Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы (Медеу ауданы).

2026 жылдың басынан бері демалыс күнгі жәрмеңкеге шамамен 10 мың тонна азық-түлік өнімі сатылды. Ал келушілер саны 85 мың адамнан асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02

Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды

Бүгін 17:14

Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін 16:41

Алматыда биыл жазда балаларға арналған жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылады

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);