ffin.kz

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған БАҚ арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған БАҚ арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров журналистерге ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқаудың қорытындылары бойынша марапаттарды тапсырды


Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әрі мегаполистің дамуын жариялау тақырыбындағы байқау жеңімпаздарына жүлделерді тапсырды. Тапсыру рәсімі елімізде 28 маусымда атап өтілетін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында өтті.


Мерейтойлық конкурсқа БАҚ өкілдерінен 200-ден астам жұмыс келіп түсті. Байқаудың негізгі тақырыптары: Алматының дамуы, пандемия жағдайындағы жұмыс пен әлеуметтік жобалар.


Марапаттау рәсімін ашқан әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров БАҚ жұмысының маңыздылығын айтты және қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.




"БАҚ-тың жұмысы әрқашан маңызды және ерекше, өйткені сіздер - біздің, мемлекеттік органдар мен тұрғындардың арасындағы алтын көпірсіздер. Тәуелсіздік кезеңінде журналистика саласы республиканың өзі сияқты қарқынды дамыды. Алматы жаңа қоғамның қалыптасуының барлық кезеңдерін ерекше сезініп, еліміздің түкпір-түкпірінен айрықша дарынды жандардың барлығын өзіне жинады. Пандемия бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының күрделі әрі көп қырлы екенін тағы бір рет көрсетті, яғни жұқтыру орындарында, барлық алаңдарда репортаж жүргізіп, барлық өзекті мәселелерді, вакциналанудың және санитарлық нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге тура келді. Жыл басынан бері әкімдік 170-тен астам баспасөз іс-шарасын өткізді, оның 55-і қаланың коронавирустық инфекциямен күрес мәселелеріне арналған. Тек жарты жылдың ішінде сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында БАҚ-та 6,5 мыңнан астам материал жарияланды, эфирге 200-ге жуық телесюжет шықты. Сондықтан биылғы жылғы номинациялар бәріміз үшін қиын кезеңде көбінесе сіздер жасаған материалдарды қамтыды", - деді Ержан Бабақұмаров.



Байқау комиссиясының құрамына медиа саласындағы тәуелсіз сарапшылар-тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, профессор, ҚР Журналистика академиясының, Еуразия халықаралық академиясының академигі, ҚР Президенті баспасөз қызметінің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Валерий Айтмұқашұлы Жандәулетов, Қазақстан Баспасөз клубының президенті, ҚР қоғаммен байланыс жөніндегі Ұлттық қауымдастығы кеңесінің төрайымы Әсел Қараулова кірді.
 
Байқау комиссиясының төрағасы, профессор, академик, Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев індет жылындағы журналистердің ерен еңбектеріне оң баға берді.



Сағымбай Қозыбаев Тәуелсіздік жылдарында ел журналистерінің еліміздің дамуына үлестерін қосуға тырысып жатқанын, бұның бұл ізгі миссия әрі қиын жұмыс екенін атап өтті.



"Алматы қашанда өзінің ақылгер әлеуетімен танымал. Мұнда бүкіл республика бойынша жалғыз және үш журналистика университеті болды. Сіздердің көпшілігіңіз осы жолды таңдаған журфак түлектерісіздер. Қаламдарыңыз ұштала берсін, шығармашылық табыстар тілеймін", - деді Сағымбай Қозыбаев.



Конкурстық комиссияның төрағасы Валерий Жандәулетов байқауға деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын хабарлады. Тіпті, індетке байланысты қиын жағдайға қарамастан. Оның үстіне, жарияланымдар циклдерін жіберді, өз материалдарында карантин режимінде медицина қызметкерлерінің, полицейлердің өмірі мен жұмысының шынайылығын, қызмет көрсетудегі онлайн-технологиялардың дамуын көрсетті, Алматының қалай дамығаны туралы жазды әрі айтты.



Өз кезегінде Әсел Қараулова Қазақстандық баспасөз клубының атынан БАҚ-тың мегаполистің даму тақырыбына деген жоғары қызығушылығын айтты және барлық қатысушыларды құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі
 
Комиссия негізгі номинациялар бойынша 12 жеңімпазды атады, сондай-ақ қатысушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады:
"Тәуелсіздік кезеңіндегі Алматының дамуы туралы үздік материал" номинациясы
Жазира Оразқызына берілді - "Qazaqstan" телеарнасы;
Денис Земцов - "Алматы" телеарнасы.


"Алматы-2050 "Стратегиясы аясында жаңа жүйелі шаралар мен мегаполистің даму қарқыны туралы үздік аналитикалық материал" номинациясы
Құралай Жұмаділова - "Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газеті”;
Жанна Хабдулхабар - ИА "Informburo.kz".
 


"Індет кезіндегі  алдыңғы шептегі  жұмыс туралы үздік материал" номинациясы
Айгерім Таубай - "Спутник Казахстан”;
Кирилл Харламов - "МИР" телерадиокомпаниясы.
 
“Әлеуметтік жобалар туралы үздік материал" номинациясы
Әмірболат Құсайынұлы - “Azattyq-ruhy" АА”;
Юлия Миленькая - "Казахстанская правда" газеті.
 
"Халықты COVID-19-ға қарсы вакциналаудың маңыздылығы туралы ең жақсы материал" номинациясы
Нұргүл Нұрланқызы - "КТК" телеарнасы”; 
Еламан Тұрысбеков - "ҚазАқпарат"ХАА.
 
Пандемиямен күрестің нақты тарихы туралы үздік деректі / авторлық материал "номинациясы
Гүлжан Айнабекова - "Хабар" телеарнасы”;
Ләззат Құсайынова - "Новое поколение" газеті.
 
Арнайы марапаттарға ие болғандар: Бекзада Ишекенова - "LS" АА, Әділет Мұсахаев - "Baq" АА, Шоқан Алхабаев - "Тенгриньюс" АА, Қайрат Жандыбаев - "Strategy-2050" АА, Дилара Аронова - "Нұр" АА, Альберт Ахметов - "Закон"/ "Деловой Казахстан"АА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04