AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда Қазақстан полициясы күніне арналған ақпар...

Алматыда Қазақстан полициясы күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан басталды

Заң мен тəртіп 07.06.2024, 10:36 1,344 dulatbekova
Алматыда Қазақстан полициясы күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан басталды
Сурет: Polisia.kz

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті “Ішкі істер органдары туралы” Заңға қол қойды.

Бұл Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын, оның құқықтарын, ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын анықтаған алғашқы акт болды. Қазақстан полициясының тарихы сол кезден басталады. Ішкі істер Министрлігінің жаңа рәміздері мен бірыңғай киім үлгілері әзірленді.

Алматыда полицейлер кәсіби мерекелеріне орай ақпараттық-имидждік науқан бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Телевизиялық “Қазақстан полициясының құрдастары”, “Менің әкем/анам – полицей”, “Отбасы әулеттері”, “Арамыздағы қаһармандар” және “Үздік полицей” айдарлары арқылы азаматтар ҚР ІІО-ның құрылу тарихымен және заманымыздың қаһармандарымен танысады. Ал үздік тергеушілер, криминалистер, жедел уәкілдер, кинологтар мен учаскелік полиция қызметкерлері мереке қарсаңында қаланың электронды бордтарында көрсетіледі. 

– Бүгінгі таңда қаламыз өзінің қайталанбас келбетін сақтап қана қоймай, жыл сайын қарқынды дамып, көркейіп келеді. Алматылықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы мереке және демалыс күндеріне қарамастан, күні-түні 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін үлкен және көп функциялы мемлекеттік орган – полиция департаментіне жүктелген. Бүгінгі таңда Алматы қалалық полициясында қылмысқа қарсы күрес жүргізуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер бар, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мерекелік іс-шаралар ІІО басшыларының, полиция ардагерлерінің, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарының, сондай-ақ ПД-нің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #ақпараттық-имидждік науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);