AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған б...

Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді

Не? Қайда? Қашан? 03.09.2024, 15:12 2,568
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді.

Сағат 17:00-де Орталық демалыс саябағында басталатын мерекеге ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен оқушылар қатысады.

Жастар қазақ тілі, ұлттық өнер, әдебиет және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы викторинаға қатысып, дұрыс жауап бергендер сыйлықтар алады. Сондай-ақ жиналған қауым алдында танымал артистер өнер көрсетеді, мереке жастардың би кешімен аяқталады.

Сонымен қатар, қаланың бірқатар ауданында түрлі іс-шара өтеді: 3 қыркүйекте Түрксіб ауданында Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтеді.

  • 5 қыркүйек сағат 10:00-де Алмалы ауданында А. Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылады, ал 10:30-да Байтұрсынұлы өмір сүрген музей-үйде республикалық конференция ұйымдастырылады.
  • 5 қыркүйек сағат 11:00-де Әуезов ауданының әкімі аппараты Қазақ жазушылары кітапханасында оқушылар арасында «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты фестиваль өткізеді (11-шағын аудан, 37-үй).
  • 5 қыркүйек сағат 11:00-де Наурызбай ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – қазына кілті» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді («Шұғыла» шағын ауданы, 343/7).

Елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#А. Байтұрсынұлы #тілдері күні #Ана тілім – ардағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: «Самұрық-Қазына» қорының жобалары қаралды

Бүгін 14:01

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Бүгін 12:49

Алматылық сарапшы Оралбек Карим: ең төменгі жалақыны арттыру отандық өндірісті дамытумен қатар жүруі тиіс

Бүгін 12:20

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады

Бүгін 12:15

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Бүгін 11:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);