Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы...

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қорытындыланды

Барлығы 25.12.2025, 15:52 403
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қорытындыланды
Алматы әкімдігі

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің кепілі» атты этномәдени бірлестіктердің республикалық конференциясы өтті. Қатысушылар Ассамблеяның отыз жылдағы жетістіктерін, этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту тәжірибесін, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және мегаполистегі ҚХА құрылымдарының өкілдерімен қатар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзильханов және қала Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Есенбеков қатысты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов өз сөзінде ҚХА-ның оң рөлін және қазақстандық келісім моделінің бірегейлігін атап өтті.

– Тәуелсіздік туралы айтқанда, ең алдымен бірлікті айтамыз. Бірлік болмаса, тәуелсіздік те болмайды. Қазақстандық бірліктің негізгі тірек тетіктерінің бірі – Ассамблея. ҚХА – мемлекет пен қоғаммен үйлесімді жұмыс істейтін бірегей институт. Біз барлық этномәдени бірлестіктердің үлесін жоғары бағалаймыз және жобаларын жүзеге асыруда табыс тілейміз, – деді Абзал Нүкенов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзильханов ұйымның 30 жылдығы ел үшін тарихи оқиға болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Ассамблеяның миссиясы – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және барлық құрылымдар мен бірлестіктер үшін үлгі болу екенін еске салды.

– Ассамблея – саяси партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысы құрылатын негіз. Біздің мақсатымыз – мемлекет институттарының барлығымен бірлесе отырып, бірлікті сақтау, – деп қосты спикер.

Конференция тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық дипломатия институты ретіндегі рөлін нығайту үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар бірлік, достық және мәдени әралуандық құндылықтарын ілгерілету жұмысы келесі жылы да жаңа жобалар мен бастамалар арқылы жалғасатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ассамблея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика