Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режис...

Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режиссер, суретші әрі ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті

Мәдениет Бүгін 20:46 61
Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режиссер, суретші әрі ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті

2026 жылдың 14 сәуір күні өткен «Режиссер және ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың мұрасы» атты дөңгелек үстелде оның ұлттық анимация мен деректі кино өнеріне қосқан зор үлесі жан-жақты талқыланды.

Қазақ экран өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған шебердің шығармашылығы көрермендердің жадында сақталған. Оның «Бозторғай», «Қозы мен Қосаяқтың жақсылық іздеуі», «Қызғылт ешкілер елінде» атты анимациялық фильмдері алтын қорға енген туындылар ретінде жоғары бағаланады. Кейін режиссер деректі кино саласында да табысты еңбек етіп, «Жаңа Арқа», «Өлім транзиті» секілді маңызды жобаларды жүзеге асырды.

1993–2001 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы кино факультетінің деканы қызметін атқарып, кино өндірісінде ғана емес, білім беру саласында да еңбек етті.

Дөңгелек үстел барысында режиссердің қазақ анимациясы мен деректі киноның қалыптасуындағы рөлі, оның көркемдік және әдіснамалық ұстанымдарының бүгінгі кино білімінн берер маңызы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, оның педагог ретіндегі еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымы ерекше атап өтілді.

Айта кетейік, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы қабырғасында өткен іс-шара аясында режиссердің фотосуреттері мен графикалық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, «Режиссер Ерсайын Әбдірахманов» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, оның деректі фильмдері мен «Бозторғай», «Қозы мен Қосаяқтың жақсылық іздеуі» анимациялық туындыларының көрсетілімі көрермен назарына ұсынылды.

Нұргүл Абдолла 

 

«Режиссер Ерсайын Әбдірахманов» атты монографиясының авторы:

 

-         Осы күнге дейін өкінішке орай Ерсайын Әбдірахмановтың анимациялық фильмдерінде қолданылған санаулы ғана қуыршақтары сақталған. Оларды біз көрмеге ұсындық. «Батыр Баян» фильмінде суретші болып жұмыс жасағандықтан, қалған эскиздерінде сақтап, көрмеге қойдық.  Бүгінгі іс-шара қонақтарға, академия студенттеріне танымдық кеш болады деген сенімдемін. Монографиялық еңбекке келетін болсақ, кітапта Ерсайын Әбдірахмановтың түсірген фильмдері мен мультфильмдеріне терең талдау жасалған. Мамандығым кинотанушы болғандықтан, бұл еңбекте кәсіби кинотанушылық талдау да жүргізілді. Біз режиссерді жоғары дәрежеде дәріптеуіміз керек. Себебі, оның шығармашылығында достық, жақсылық пен жамандық, отбасылық мәселелер ашық әрі айқын көтерілген. Деректі фильмдерінде де Қазақстандағы 90 жылдары орын алған оқиғалар көрініс табады.

Бүгінгі кеш жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз. Жақындары, туысқандары, әріптестері және жары Қатира Орынбаева кешіміздің қадірлі қонақтары болмақ.

Қатира Орынбаева 

Ерсайын Әбдірахмановтың жары 

 

-         Арада 25 жыл өтсе де бет-бейнесін, еңбектерін бағалап, құрметтеп жатқандарыңызға көп рақмет! Келешекте жеткіншек жастар бұл еңбектерді өз пайдаларына қолданып, дәріптейді деп сенеміз. Өмірден өткеніне 25 жыл зу өтіп өте шығыпты. Ол өте балажанды, отбасын жақсы көретін адам болатын. Әрдайым қолдап-қорғап жүретін. Достары, әріптестері мен академия ұжымына алғысым шексіз.

Ерсайын Әбдірахмановтың шығармашылығы – ұлттық экран өнері тарихындағы айрықша құбылыс. Оның еңбектері қазақ анимациясының көркемдік өрісін кеңейтіп қана қоймай, деректі киноның қоғамдық мәнін тереңдете түсті. Оның есімі қазақ кино мәдениетінде режиссер, суретші, педагог әрі ұлт руханиятына адал қызмет еткен тұлға ретінде мәңгілікке сақталады.

                           Зере Сейсенқызы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы КИНО және ТВ факультеті «Анимация режиссурасы және интерактивті медиа» кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 3-курс студенті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Бүгін 22:03

Бакуда Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 

Бүгін 19:42

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 18:49

Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады

Бүгін 18:07

Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады

Бүгін 17:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика