AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Ревматология орталығында «Ашық есік» күн...

Алматының Ревматология орталығында «Ашық есік» күні өтті

Алматы Бүгін 11:58 50
Алматының Ревматология орталығында «Ашық есік» күні өтті

Алматы қалалық Ревматология орталығында Дүниежүзілік артритпен күрес күніне орай «Ашық есік» ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ревматологиялық аурулардың алдын алу, оларды ерте диагностикалаудың маңыздылығын түсіндіру, халықтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету.

«Ашық есік» күні аясында орталыққа келген тұрғындар ревматолог-дәрігерлердің кеңесін алып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Мамандар буын ауруларының алғашқы белгілеріне назар аударудың, дер кезінде дәрігерге қаралудың және қажетті тексерулерден өтудің маңыздылығын атап өтті.

– Артрит – буындардың қабынуымен сипатталатын аурулар тобы. Оның кейбір түрлері адамның қозғалыс белсенділігін шектеп, өмір сапасына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе, ревматоидты артрит кезінде ауруды ерте анықтап, емдеуді уақытында бастау маңызды. Бұл буындардың зақымдану қаупін азайтып, аурудың асқынуының алдын алуға көмектеседі, – дейді ревматолог-дәрігер, PhD Гүлжан Тримова.

Мамандардың айтуынша, буындардың ұзақ уақыт ауыруы, ісінуі, таңертеңгілік сіресуі және қозғалыстың шектелуі сияқты белгілерге бейжай қарауға болмайды. Мұндай жағдайларда өздігінен емделмей, дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Алматы қалалық Ревматология орталығы мұндай «Ашық есік» күндерін жылына екі-үш рет ұйымдастырып отырады. Денсаулықты сақтау – дер кезінде жасалған қадамнан басталады.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ревматология орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 13:00

Президент Аустрия мен Пәкістанның елшілерін тағайындады

Бүгін 12:07

Алматы мектебінде домбыра үйрену бірінші сыныптан басталады

Бүгін 11:16

Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін 10:40

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);