конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қасиетті Рамазан айында қандай іс шаралар...

Алматыда қасиетті Рамазан айында қандай іс шаралар өтеді? 

Әлеумет 07.03.2024, 07:49 1,334
Алматыда қасиетті Рамазан айында қандай іс шаралар өтеді? 
Өңірлік коммункация орталығы

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қасиетті айды өткізу туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан хабарлады.


Рамазан - мұсылмандар ораза ұстайтын парыз айы. Бұл Исламның бес тірегінің бірі, әр сенуші үшін қасиетті дін негіздері.


Спикер ораза кезінде мұсылмандар күндізгі уақытта тамақ пен су ішуден тыйылатынын, сондай-ақ ойын-сауық пен көңіл көтеруге, алкоголь ішуге және жаман сөз айтуға тыйым салынатынын еске салды.


«Сіздерді кюқасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын, бұл айды діни сенімдегілер жыл сайын күтеді және бүкіл мұсылман қауымы асыға күтеді! Рамазан - тыйылу айы. Бұл тамақ пен сусыннан ғана емес, күнә мен зұлымдықтан бас тарту уақыты. Хадисте:«Кімде-кім жаман сөзі мен жаман іс-әрекеттен тыйылмаса, оның тамақ жеуден және сусын ішуден тыйылғанынан Алла тағалаға ешбір керегі жоқ делінген», - деді Төлеби Оспан.


Сондай-ақ, спикер Алматыда қасиетті Рамазан айын мерекелеу жоспары бекітілгенін айтты. Биылғы жылы қаланың 54 мешітінің 50 -інде Құран хатым жасалып, тарауих намазы оқылады. 


Бұдан басқа, Алматының орталық мешітінде күн сайын 500 адамға арналған үлкен ифтар (ауызашар) ұйымдастырылатын «Рамазан шатыры» салынады. Сондай-ақ, жергілікті ауызашарлар қаланың басқа мешіттерінде де өткізілетін болады.


Ресми түрде ҚМДБ биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады, осыған байланысты қасиетті айда іс-шаралар біздің дәстүрлерімізге сәйкес өтеді.


«Ораза айы Наурыз мерекесімен сәйкес келетіндіктен, кешкі ауызашар кезінде мешіт қонақтарына наурыз көже мен бауырсақ тағамдарынан дәм тартылады. Ауызашар өтетін орындар қазақы өрнектерімен безендіріліп, Рамазан айының құрметіне «Жарапазан» орындалады, - деді Т. Оспан.


Рамазандағы ауыз бекіту мен намаз уақытының кестесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz және azan.kz. сайтынан табуға болады. 


Бұдан басқа, лауазым бойынша сұрақтар, діни мәселелер туындаған жағдайда, қажетті ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы діни ақпарат беру орталығынан алуға болады. Орталық нөмірі - +7 (707) 233-30-30, WhatsApp +7 (707) 662 6561. Алматы орталық мешіті жанындағы Орталық нөмірі– +7 707 939 7708.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ораза #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бүгін 11:27

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);