AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың педагогикалық мұрас...

Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың педагогикалық мұрасы талқыланады

Мәдени Алматы Бүгін 12:10 72
Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың педагогикалық мұрасы талқыланады
РСК Алматы

Мерейтойлық бағдарлама 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда көрнекті қазақ домбырашысы, композитор, дирижер әрі педагог Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай мерейтойлық іс-шаралар өтеді. Басқосуда музыканттар мен зерттеушілер өнер иесінің ұлттық музыка өнерін дамытуға, орындаушылық дәстүрлерді сақтап, жас музыканттарды тәрбиелеуге қосқан үлесін талқыламақшы. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

2026 жылғы 20 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Қаршыға Ахмедияров: орындаушылық өнері, ғылыми-педагогикалық мұрасы мен домбыра мектебінің дәстүрі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен музыканттың 80 жылдығына арналған гала-концерт өтеді.

Қаршыға Ахмедияров қазақ күйі мен домбыра өнерінің дамуына зор үлес қосты. Оның шығармашылық мұрасына аспаптық туындылармен қатар әндер мен поэмалар да енеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Домбыра кафедрасының профессоры Карима Сахарбаеваның айтуынша, өнер иесінің шығармашылығы бүгіндері әр елдің орындаушыларын біріктіріп келеді.

«Былтыр Қаршыға Ахмедияров атындағы күй байқауы халықаралық деңгейде өтті. Биыл да оны Алматыда ұйымдастырмақ ойдамыз. Концертке Өзбекстан мен Қырғызстанның халық әртістері, сондай-ақ басқа да түркітілдес елдердің орындаушылары қатысады. Қаршыға Ахмедияров күй ғана емес, ән мен поэзиялық шығарма да жазған», – деді Карима Сахарбаева.

Кездесу барысында Қаршыға Ахмедияровтың өзіндік орындаушылық мәнері мен оның домбыра мектебінің дамуына тигізген ықпалына назар аударды. Карима Сахарбаеваның айтуынша, музыканттың 130-дан астам шығармасы өзіндік стилімен, композициялық құрылымымен, орындау ерекшелігімен дараланады. Сонымен қатар ол алдыңғы буын күйшілерінің мұрасын терең зерттеп, қазақ музыкасының дәстүрін сақтап, одан әрі дамытты.

Музыканттың шығармашылық мұрасында педагогикалық қызметі де айрықша орын алады. Қазақстан мәдениетінің үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Домбыра кафедрасының доценті, Қаршыға Ахмедияровтың шәкірті Баян Игілік ұстаздың шәкірттердің орындаушылық шеберлігіне ғана емес, ғылыми ізденісіне де ерекше көңіл бөлгенін айтты.

«Қаршыға ағайдың шәкірті болғанымды үлкен мәртебе санаймын. Ол бізді жан-жақты маман етіп тәрбиеледі. Бірде Қытайға барған сапарынан кейін маған екі аудиожазба әкеліп, оларды нотаға түсіріп, зерттеуді тапсырды. Осылайша ол бізді тек орындаушылық бағытта ғана емес, ғылыми ізденіс жолында да бағыттап отырды. Соның арқасында бүгінгі күні бірнеше кітап шығарып, диссертация қорғадым. Әлі де осы жолды жалғастырып келемін», – дейді Баян Игілік.

Оның айтуынша, Қаршыға Ахмедияров жас орындаушылардың бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, оларға қолдау көрсетіп, талантын ашуға көмектесе білген. Ұстаздың педагогикалық ұстанымы бүгінгі жас музыканттар үшін де маңызды үлгі болып қала береді.

Мерейтойлық бағдарлама 20 қарашада өтеді. Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы мен пленарлық отырыс ұйымдастырылады. Сағат 14:00-де секциялық отырыс Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғасады. Ал сағат 18:00-де Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Күй кемеңгері – Қаршыға» атты концерт өтеді.

Іс-шаралар ұлттық музыкалық мұраны насихаттауға, Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылық және педагогикалық жолын зерделеп, сондай-ақ домбырашылардың дәстүрін келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);