Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қосымша қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, ведомство мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз және ыңғайлы орта құру мәселелеріне ерекше назар аударады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы қол қойған 2023 жылғы 7 маусымдағы «Мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенция туралы факультативтік хаттаманы» ратификациялау туралы Заңды іске асыру шеңберінде Агенттіктің бастамасы бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті «Мүгедектігі бар адамдарға және басқа да мобильділігі төмен топтарға қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандартын бекітті.
«Ұлттық стандарт мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын жалпы талаптарды қарастырады, олар мүгедектігі бар адамдарға қаржы ұйымдарының ғимараттары мен үй-жайларын бейімдеуді қамтиды, осы санаттағы клиенттерге қызмет көрсету ерекшеліктерін, сондай-ақ осы санаттағы адамдармен жұмыс істеу кезінде қаржы ұйымдары персоналын оқыту және олардың құзыретін арттыру мәселелерін белгілейді», - деді А. Терентьев.
Осылайша, осы нұсқауларды орындау үшін тиісті бұйрық шығарылды, оны іске асыру үшін банктер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қаржылық қызметтерге тең қолжетімділікті жасау және қамтамасыз ету үшін жеке жоспарлар әзірлейтін болады.
«Аталған құжатты қабылдаудың алдында Агенттік Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, Парламент Сенатының депутаты, адам құқықтары және қаржы ұйымдары бойынша сарапшылармен бірлесіп атқарған үлкен жұмысы болғанын атап өткім келеді», - деп атап өтті Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі Комиссия» ҚБ төрағасы Гүлмира Бурашева.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке және ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен өзара іс-қимыл жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді және қабылданды. Бұл ұсыныстарды банктер 3 жыл бойы сынап көрді.
Бұдан басқа, банктер бөлімшелердің техникалық инфрақұрылымын жаңғырту, сайттар мен мобильді қосымшаларды бейімдеу, осы санаттағы тұлғалармен жұмыс істеу бойынша білікті персоналды даярлау бойынша жеке жоспарлар әзірледі.
Агенттік жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп www.fingramota.kz интернет-порталының басты бетінде қаржы ұйымдары бөлімшелерінің инфрақұрылымы туралы өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында «мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасы» орнатылған. Онда еліміздің 28 қаласында екінші деңгейдегі банктердің 350 бөлімшесі ұсынылған.
«Қаржылық қолжетімділік пен қаржылық инклюзияны арттыру мәселесінде озық тәжірибесі бар халықаралық ұйымдармен және шет елдердің орталық банктерімен бірлесіп, қаржы ұйымдарының персоналын оқыту жүргізілді. Агенттік ҚҚҚ және қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүйелі негізде барлық мақсатты аудиториялар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін дәрістер, тренингтер мен вебинарлар өткізеді», - деп толықтырды А.Терентьев.
Сондай-ақ, агенттік қосымша қажеттіліктері бар клиенттерді сәйкестендіретін ақпараттық жүйені интеграциялау мәселесін пысықтауда. Қорытындысы бойынша Smart Bridge ақпараттық жүйесіне қосылу мақсатында банктерге өтінімдерді жіберу үшін сілтеме алынды. Бұл банктерге осы санаттағы клиенттерді анықтауға және оларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Қаржылық қолжетімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарының арасынан алаяқтық әрекеттерге ұшырауына алып келеді. 2021 жылы Агенттік банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдар банктердің апробациясында. Мүгедектігі бар адам немесе қарт адам өзіне қаржылық операциялар бойынша көмекші тағайындай алады. Көмекші жоспарланған қаржылық операциялар туралы хабарлама алады, оларды қолдай алады немесе қабылдамайды», - деп қорытындылады А. Терентьев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.