AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда "Қара риэлторлар" қылмыстық тобына қатыст...

Алматыда "Қара риэлторлар" қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты

Әлеумет 12.03.2025, 16:36 898 Nursok82
Алматыда "Қара риэлторлар" қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты
Cурет: freepik.com

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "қара риэлторлар" қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қылмыстық топтың құрамында 22 айыпталушы бар. Олардың қатарында екі дәрігер, үш нотариус, бұрынғы полиция қызметкерлері, сот орындаушының көмекшісі, медициналық сарапшылар, екі риэлтор және бірнеше такси жүргізушісі бар. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ жалғызбасты қарт адамдардың қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері жоқ пәтерлерді тауып, құжаттарды қолдан жасау арқылы басып алып, оларды төмендетілген бағамен сатқан.

Барлығы 37 пәтерді заңсыз иемденген. Қылмыстық топтың әрекеті 2017-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында болған. Осы уақыт ішінде 27 азамат зардап шеккен.

Сот үкімі бойынша:

  • Әшірәлі Болтабоев (Өзбекстан азаматы) 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Әуелхан Сатаев 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Ирина Гапарова (зейнеткер) 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Медицина қызметкерлері: Психикалық денсаулық орталығының екі бұрынғы бөлім меңгерушісі және Алматы облыстық психиатриялық диспансерінің бұрынғы психиатр дәрігері сәйкесінше үш жыл, алты жыл және 10,5 жылға сотталды. Сот сарапшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нотариустар: Үш нотариус қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі әйел алты жылға, ал олардың ер әріптесі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #үкім #Қара риэлторлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);