AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған жігі...

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған жігіт сот залынан босатылды

Оқиға 16.05.2022, 15:00 1,073 Almaty-akshamy
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған жігіт сот залынан босатылды
Cурет: Inform.kz

Телефон мен иіссу ұрлаған


Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сот залынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қаңтар айының 6-сынан 7-сіне қараған түні қарағандылық 23 жасар азамат Maxima ойын-сауық кешенінің жанынан өтіп бара жатқанда, терезелерінің сынғанын көрген.



«Сотталушы кешеннің ішіне кіріп, екінші қабаттағы Prato дүкенінен құны 33 333 теңгелік Iphone-6 маркалы ұялы телефонын, кейін Monamie дүкенінен құны 30 351 теңге Dior иіс суының екі құтысын ұрлаған. Сотпен бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша ұрлық, яғни, қоймаға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жымқыру деп танылды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, басқа адамдардың дүкендерден зат алып жатқанын көрген соң өзі де кіріп, тауарды ұрлағанын алға тартты. Ал Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот оның жастығын, кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін және бірінші соттылығын ескере отырып, минималды екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады», - делінеді қалалық соттың таратқан хабарламасында.



Сотталушы азамат сот залында қамаудан босатылды. Оның күзетпен ұсталған уақытының бір күні бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні есебімен есепке жатқызылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар оқиғасы #ұрлық #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);