AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Алматыда қалдықтың қалай пайдалы затқа айналғанын...

Алматыда қалдықтың қалай пайдалы затқа айналғанын көрсетті

Таза Қазақстан Бүгін 10:30 55
Алматыда қалдықтың қалай пайдалы затқа айналғанын көрсетті
РСК Алматы

«Пластик тапсыр да, жиһаз ал» акциясы елді бірден елең еткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай қаланың басты экологиялық алаңы ашылып, қалдықты қайта өңдеу мен қоршаған ортаға жауапты болуға шақыратын алаң тұрғындар мен қонақтардың басын қосты. Өңірлік коммуникациялар қызметі осылай деді.

«Пластик тапсыр — жиһаз ал» акциясы елді бірден елең еткізді. Бұл бастаманы осындай форматта алғаш рет көпшілікке ұсынған. Онда келгендерге қайта өңделген пластиктен өндірілген жиһазды таныстырды.

Акцияны ұйымдастырушылардың қатарында эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы, қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшесі Евгений Мұхамеджанов пен журналист, автор және подкаст жүргізушісі Тимур Балымбетов те бар. Тимур Балымбетов жұбайымен, балаларымен бірге жүр.

Евгений Мұхамеджанов өзінің Facebook парақшасында:

«Біз жұртқа пластикті қайта өңдеп, оған қайтара өмір сыйлауға болатынын іспен көрсеттік осы жолы. Бәрі өздері бұрын қоқысқа тастайтын пластиктен осындай сапалы жиһаз жасалғанын көріп таңғалды», — деп жазды эколог.

Экологиялық алаңда пластик қалдығының қалай қайтадан кәдеге жарайтыны қолжетімді әрі интерактивті форматта көрсетілді. Қонақтар пластикті қайта өңдеу процесін көріп, жақында ғана қоқысқа тасталған нәрсенің қалай жаңа пайдалы затты өндіруге негіз бола алатынын өз көзімен көрді.

Іс-шараның маңызды бөлігі отбасылар мен балаларға арналды. Экологиялық бастамалар тек ереже мен шектеудің жиынтығы ретінде емес, бірге уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің мүмкіндігі ретінде ұсынылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, дәл осындай практикалық форматтар арқылы экологиялық мәдениет күнделікті өмірдің бір бөлігіне айнала алады.

Сонымен қатар бастама аясындағы экологиялық алаңдар ашу жағы Алматыда ғана емес, Астана мен Қарағанды қаласында да қола алыныпты.

«Бұл бір реттік акция емес. Біздің мақсатымыз — жергілікті тұрғындардың, әсіресе жастар мен балалардың экологиялық білімі мен дағдысын үнемі жаңартып, жетілдіріп отыру», — деп толықтырды Евгений Мұхамеджанов.

Бұған дейін Алматы балалары бір миллионнан астам пластик бөтелке қақпағын жинаған болатын. Жобаны жүзеге асыру барысында олардан түрлі бұйым жасалды. «Ерекше» балалармен бірге мыңдаған шырша ойыншығы, 25 орындық, 30 шахмат жиынтығы, сондай-ақ мыңдаған брелок, әшекей, телефонға арналған тұғыр мен басқа да пайдалы заттар әзірленді.

Осы жолы қайта өңделген пластиктен көлемді екі «Таза Қазақстан» стеласы жасалды. Оларды дайындауға 100 мың пластик қақпақ пайдаланылған. Жоба бойынша ондаған ерікті стеланы құру үшін екі ай бойы тынбай еңбектеніпті.

Стелалар Satbayev University мен Эко-Хабтармен бірлесіп жасалды. Бұл жай ғана арт-нысандар емес, қалдықтардың екінші өмірге ие болып, қалалық ортаның бір бөлігіне айнала алатынын көрсететін көрнекі мысал.

Енді Алматыға әуежай жақтан кіріп келе жатқан немесе қаладан шығып бара жатқан әр адам бұл стелаларды көре алады. Олар — қайта өңделген пластиктен жасалған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының алғашқы көзге түсетін символдарының бірі.

«Алматы қаласының әкімдігіне сенім білдіргені үшін, Экология және қоршаған орта басқармасына, ECO Almaty-ға, Satbayev University-ге, біздің Эко-Хабтарға, еріктілер мен, әрине, қаладағы бала біткеннің барлығына алғысымды білдіремін. Дәл солардың арқасында бұл идея осындай ауқымды жобаға айналып шыға келді», — деді Евгений Мұхамеджанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қандай ауруға екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағы беріледі?

Бүгін 11:05

Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі есірткіге қарсы цифрлық сервис іске қосылды

Бүгін 10:11

Темекі өнімдерін таңбалау тарифі төмендетіледі

Бүгін 10:09

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Бүгін 09:26

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);