AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрыл...

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Алматы Бүгін 14:40 38 yakiya
Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.

Кездесу бұған дейін өткізілген диалогтің жалғасы болды, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату туралы инвестициялық келісім жасалды.

Бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды: инвестициялардың жалпы көлемі 145,5 млрд теңгені құрайды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтіп, еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген басымдықтардың бірі – қоршаған ортаны қорғау екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкіметтің алдында инвестициялар мен озық технологияларды тарта отырып, экологиялық жаңғыртуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр.

«Елдеріміздің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырза, бізге экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор мүмкіндіктер жасап отыр. Қытай Халық Республикасы – біздің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі. Hunan компаниясының Қазақстан нарығына келуін құптаймыз және бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің былтырғы кездесуіміз барысында еліміз үшін осы маңызды жобаға жақсы серпін берілген болатын»,


— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого 29 мамырда құрылыс жұмыстарының басталатынын хабарлады. Нысан екі жыл ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жоба ТҚҚ өңдеудің анағұрлым заманауи моделін енгізуді көздейді – яғни оларды кейіннен электр энергиясына айналдыра отырып қайта өңдеу қарастырылған. Зауыттың іске қосылуы жылына шамамен 200 мың тонна CO₂ шығарындыларын азайтуға, полигон көлемін жыл сайын шамамен 800 мың текше метр үнемдеуге және «жасыл» энергияны тұрақты өндіруге ықпал етеді. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 уақытша жұмыс орны құрылады, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Біз екі жыл ішінде барлық жұмыстарды толық аяқтайтынымызға сенімдіміз. Қазақстан Президенті мен Үкіметі тарапынан елдің “жасыл” дамуына қатысты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Біз Қазақстанның “жасыл” дамуына және инвестиция тартуға нақты үлес қосатын ірі жоба болу үшін ұмтылып, сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз»,


 — деді директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого.

Жоба сонымен қатар сенімді электрмен жабдықтауды, цифрлық шешімдер үшін энергияны пайдалануды және қыста өнеркәсіптік тұтынушылар мен қалалық қажеттіліктерге таза жылу беруді қамтамасыз ететін үш «жасыл» орталықты құруды көздейді. Бұдан бөлек, технологияларды енгізуге, қосалқы бөлшектер өндірісін локализациялауға, жергілікті мамандарды даярлауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған үш базаны қалыптастыру жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы пайдалануға беру үшін одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);