конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қаланың және бизнестің ішкі құндылықты да...

Алматыда қаланың және бизнестің ішкі құндылықты дамыту мәселесі бойынша жүйелі диалог қайта жанданды

Барлығы 19.01.2026, 10:06 572 yakiya
Алматыда қаланың және бизнестің ішкі құндылықты дамыту мәселесі бойынша жүйелі диалог қайта жанданды
Алматы әкімдігі

Алматыда ішкі құндылықты дамыту, соның ішінде отандық кәсіпкерлікті қолдау жөнінде Алматы қаласы әкімдігі, мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің ашық кездесуі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында қаланың жергілікті өндірістегі тауарлар мен материалдарға деген қажеттілігі, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың қалалық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Жиын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың төрағалығымен өтті.

Іс-шара Алматы қаласы әкімінің мегаполис ұйымдарының сатып алу жүйесінде ішкі құндылықты дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімін іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесуге бизнес қауымдастық өкілдері, салалық бірлестіктер мен Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жұмыс тобының қызметіне жауапты орган ретінде Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы белгіленді. Бұған дейін уақытша тоқтатылған ішкі құндылықты дамыту бағытындағы жұмыстар қайта жанданып, жүйелі әрі тұрақты форматта жүргізіледі.

Отырыста бюджеттік бағдарламалар әкімшілері отандық өндірістегі тауарлар мен материалдарға деген сұраныс жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет қамтылған жылдық жоспарын ұсынды. Сонымен қатар кездесуде қалалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғыртуға бағытталған жоспарлар таныстырылды. Атап айтқанда, көшелерді көріктендіру, қоғамдық кеңістіктерді қайта жаңарту, субұрқақтар, спорт саябақтары және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары сөз болды.

Алматы қаласы әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелері қатысатын мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетіні айтылды. Аталған формат отандық өндірушілердің сатып алу жайын үйлестіретін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын нығайтуға, салалық мәселелерді қозғауға және өнімдерінің әлеуетін кеңінен таныстыруға мүмкіндік бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);