AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда қалалық кітапхана жанынан жаңа мәдени-біл...

Алматыда қалалық кітапхана жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды

Мәдени Алматы 17.01.2026, 17:51 588 yakiya
Алматыда қалалық кітапхана жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды
Мәдениет басқармасы

Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жастарды, креативті қауымдастықтарды және білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін «American Space & Makerspace» жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. 

Аталған орталық қала әкімдігінің, АҚШ Елшілігі мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ жергілікті серіктес ұйымдардың қолдауымен ашылды. Жоба қала тұрғындарының білім алу, шығармашылықпен айналысу және заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық мәдени және білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. 

Салтанатты рәсімге Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін, «Chevron International Petroleum Company» компаниясының Вице-президенті Дилан Морган, АҚШ Бас консулының баспасөз, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісі Хира Каур Камбодж, сонымен қатар білім беру және мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев өз құттықтау сөзінде орталықтың маңызын атап өтті: «Кітапхана – үлкен мәдени орта. Қазақта «Кез келген елдің болашағын білу үшін оның жастарына қара» деген дана сөз бар. Жастардың білім алып, шығармашылық және зияткерлік тұрғыдан дамуына жол ашатын осындай заманауи орталықтың кітапханада ашылуы мәдениет саласын дамытудың маңызды бағыты саналады. Бұл бастама екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, өзара түсіністік пен серіктестікті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» - деді Данияр Әлиев. 

«American Space & Makerspace» орталығы – білім мен шығармашылықты, инновация мен тәжірибені ұштастырған заманауи көпфункционалды алаң. Мұнда АҚШ университеттерінде білім алуға қызығушылық танытқан жастарға кеңес беру, ағылшын тілі курстары мен сөйлеу клубтары, кәсіби және цифрлық дағдыны дамытуға арналған воркшоптар, сондай-ақ кәсіпкерлік, көшбасшылық және азаматтық белсенділік бағытындағы бағдарламалар іске асырылады. 

Іс-шара аясында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың маңызына тоқталды: «American Space & Makerspace – адамдарды біріктіретін, білім мен инновация арқылы болашаққа жол ашатын сенім мен серіктестік алаңы. Біз бұл кеңістіктің жергілікті қауымдастықтың нақты қажеттілігіне жауап беріп, жастар үшін ашық әрі қолжетімді болып қалуын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық серіктестерімізбен бірлесе жұмыс істеуді маңызды деп санаймыз», – деді Мишель Еркін. 

Сонымен қатар орталықта 3D-басып шығару, дизайн, робототехника, бағдарламалау, ғылыми тәжірибелер мен қолданбалы шығармашылыққа арналған заманауи құралдармен жабдықталған Makerspace аймағы және америкалық әдебиет бұрышы қарастырылған. 

Жаңа орталықтың ашылуына кітапхана оқырмандары, әсіресе жастар жоғары баға берді. Болашақта АҚШ-та білім алуды мақсат еткен Аружан Маханбетқалиева әсерін бөлісті: «Мен үшін бұл жоба – үлкен мүмкіндік. Мұнда АҚШ университеттеріне түсуге қажетті ақпарат алып, ағылшын тілімді жетілдіріп, өзімді кәсіби әрі шығармашылық тұрғыдан дамытуға болады. Осындай кеңістіктің ашылғаны көптеген студенттің арманын жүзеге асыруға жол ашады деп ойлаймын», – деді Жамбыл кітапханасының тұрақты оқырманы Аружан Маханбетқалиева. 

Аталған жоба қалалық кітапханалардың уақыт талабына сай жаңғырып, кітап оқу орындары ғана емес, сонымен қатар білім, мәдениет, инновация және халықаралық диалогты дамытатын заманауи қоғамдық кеңістіктерге айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);