AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қалалық активпен конституциялық реформа т...

Алматыда қалалық активпен конституциялық реформа талқыланды

Барлығы 02.02.2026, 14:16 215
Алматыда қалалық активпен конституциялық реформа талқыланды
сурет: Алматы әкімдігінен

Алматы қаласының активімен өткен кездесуде қала әкімі Дархан Сатыбалды конституциялық реформаны іске асырудың негізгі басым бағыттарын айқындады. Іс-шараға мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және қалалық қызметтердің жетекшілері қатысты.

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен елімізде ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын атады. Жаңа Конституция жобасы егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Алматы әкімі құжатта адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде дамыту бекітілгенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласу мүмкіндігі кеңейтіліп, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі күшейтіледі, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады.

Қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын білдіріп, оның елдің одан әрі дамуы үшін маңызын жеткізді.

«Құжат азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қатысқан ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Жаңа Конституция жобасы қоғамның саяси жүйені жаңартуға және мемлекет пен азаматтар алдындағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға деген сұранысын көрсетеді», — деді Мейіржан Отыншиев.

Кездесу соңында Алматы әкімі жаңа Конституция жобасы бойынша түпкілікті шешім республикалық референдумда қабылданатынын айтып, конституциялық өзгерістердің негізгі ережелері мен мәнін халыққа түсіндіру бағытында барлық деңгейдегі атқарушы және өкілді органның үйлесімді жұмысының маңыздылығына назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңа заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика