AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қала күні тойланып жатыр: Абай алаңында о...

Алматыда Қала күні тойланып жатыр: Абай алаңында опера және балет жауһарлары шырқалды

Барлығы 19.09.2025, 12:10 641 Дина
Алматыда Қала күні тойланып жатыр: Абай алаңында опера және балет жауһарлары шырқалды
Владимир Акуленко

Республика сарайының алдындағы Абай алаңы үлкен ашық сахнаға айналып, онда бірегей Open Air гала-концерті «МҰРА» өтті. Бұл іс-шара Алматы тұрғындары мен қонақтарына Қала күніне, сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 92-ші маусымының ашылуына арналған ерекше сый болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Көрермендер әлемдік және ұлттық классиканың үздік туындыларын, әйгілі мюзиклдер мен фильмдерден танымал шығармаларды тыңдады. Симфониялық оркестр, хор, балет және театрдың жетекші солистері заманауи сахналық шешімдермен, инновациялық жарық өнер кескіндемелерімен және футуристік элементтері бар эксклюзивті костюмдермен әрленген бағдарлама ұсынды. Әр туынды жеке бір қойылым іспетті болса, барлығы бірге біртұтас сиқырлы театр кеңістігіне айналды.

Абай алаңын таңдаудың да өзіндік мәні бар. Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толды. Театрға ұлы ақынның есімі 1945 жылы берілген болатын. Дәл осы Абай алаңында жиналған жұрт өнердің дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған заманауи тынысын сезіне алды.

«МҰРА» гала-концерті «Ғасыр алдындағы онжылдық» атауымен өтетін жаңа театр маусымын ашты. Көрермендер өнерпаздарды ыстық ықыласпен, ерекше қошеметпен қарсы алды. Көпшіліктің айтуынша, Қазақстанда мұндай ауқымды open air бұрын-соңды болмаған. «МҰРА» классика мен заманауи технологияны ұштастырған шынайы музыка, би және шабыт мерекесі ретінде есте қалды.


 
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры Айнұр Көпбасарова әр нөмірге арнап арнайы костюмдер, маскалар мен бас киімдер дайындалғанын айтады. Олар суретші Айнұр Ерімбет пен бутафорлық және құю цехының шеберлері Гүлнәр Табанова мен Галина Ташеваның қолымен жасалған.

«Біз алматылықтарға нағыз сиқырлы шоу сыйлауға тырыстық. Театр артистері опера және балет классикасының жауһарларымен қатар әйгілі фильмдер мен мюзиклдердің саундтректерін де орындады. Мұның бәрі заманауи сахналық технологиялармен үндестірілді. Қойылымды арнайы шақырылған италиялық суретші Гайтано Ла Мела дайындады. Жасанды интеллекттің көмегімен театрдың 1934 жылдан бүгінге дейінгі көрнекті тұлғаларының суреттеріне жан бітіріп, ұрпақтар сабақтастығының нышанына айналды. Бағдарламаны аңызға айналған дирижер Ренат Салаватовтың Иран-Ғайыппен бірлесіп жазған «Қазақстаным» әнімен түйіндедік. Осы концертті өткізуге қолдау білдірген Алматы қаласы әкімдігіне алғыс білдіріп, барша алматылықты Қала күні мерекесімен құттықтаймын!» – деді Айнұр Көпбасарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала күні #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);