Алматыда Қала күні қарсаңында Backstreet Boys концерті өтеді: дайындық қалай жүріп жатыр?

  • 19:44, 17 қыркүйек 2025
Алматыда Қала күні қарсаңында Backstreet Boys концерті өтеді: дайындық қалай жүріп жатыр? Алматы әкімдігі

Алматыда 19 қыркүйекте өтетін Backstreet Boys концертіне дайындық қызу жүріп жатыр. Күздің ең ірі мәдени оқиғаларының бірі болатын бұл шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп күтілуде. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен Орталық стадионда арнайы жиын өтті.

Жиынға полиция, ТЖД, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ қала басқармалары мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қауіпсіздік, санитария, логистика және техникалық жабдықтау мәселелері қаралды.

Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады. Іс-шара алдында кинологтар аумақты тексеріп, инженерлік желілерді бақылаудан өткізеді. Көрермендер металл іздегіш рамалар мен сканерлер арқылы кіргізіледі.

– Абай даңғылы уақытша жабылады, көлік кептелісінің алдын алу үшін арнайы «змейка» түріндегі турникеттер қойылады. Сонымен қатар алыпсатарлық пен заңсыз акцияларға қарсы күрес шаралары күшейтіледі, нақты алгоритм дайын, – деді әкімнің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Ол сонымен қатар медициналық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды: стадионда жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуациялық жоспар әзірленген. Санитарлық талаптарға да баса мән беріліп, аумақты күн сайын тазалау, биоөңдеу жүргізу және санитайзерлер орнату міндеттелді.

Жиында еріктілердің жұмысына да арнайы тоқталды. Қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбектің айтуынша, концертке 150 ерікті тартылады. Олар тек 18 жастан асқан жастардан іріктеледі, әрқайсысына тегін тамақтану талондары беріледі.

Концертті ұйымдастырушы First Media Group компаниясының басқарушы серіктесі АльфияНұрғұмарова алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, жаңа шаралар қабылданғанын атап өтті:

– Дженнифер Лопестің концерті бізге үлкен сабақ болды. Осы жолы қауіпсіздік күшейтіліп, жаңашылдықтар енгізіледі. Билеттерді тексеретін қызметкерлер саны 100-ден 150-ге артты. Стадион аумағына қосымша бейнекамералар орнатылып, алаяқтық әрекеттерді хабарлау үшін сенім телефоны іске қосылады, нөмірі LED-экрандарда көрсетіледі. Волонтерлер саны да көбейтілді. Бұдан бөлек, фуд-корт аймақтары кеңейіп, көрермендерге тегін су таратылады, – деді ол.

Сондай-ақ, әртістерге барлық жағдай жасалады: арнайы грим бөлмелері бар шатырлы қалашық орнатылады. Meet & Greet жанкүйерлермен кездесу қарастырылмағанымен, стадион маңында топтың ресми мерч өнімдері сатылатын үш дүңгіршек жұмыс істейді.

Алматы мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге көтерілуде: қала «А» санатындағы концерттер өтетін алаңға айналып, оларды өткізудің жаңа стандарттарын қалыптастыруда — басты назар қауіпсіздікке, көрермендердің жайлылығына және ұйымдастыру сапасына аударылуда.

Айта кетейік, Backstreet Boys концерті Алматы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді, биыл ол 21 қыркүйекке сәйкес келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:42

17:45

17:29

17:06

16:46

16:21

15:44

15:35

15:23

15:15

15:13

15:05

15:02

14:44

14:40

14:34

14:29

12:48

12:30

12:10

11:46

11:40

11:09

10:54