AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша 1963 жыл...

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша 1963 жылы салынған мектептің жанына қосалқы нысан салынуда

Әлеумет 25.06.2024, 11:00 728
Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша 1963 жылы салынған мектептің жанына қосалқы нысан салынуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 1963 жылы салынған мектеп жанынан 200 орындық қосалқы нысан салынады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданына жұмыс сапары және тұрғындарымен кездесу № 103 мектеп-гимназиясындағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқу орнында жобалық қуаттылығы 600 оқушы орны бар, оқушылар контингенті 1 300-ден астам адамды құрайды. 1963 жылы пайдалануға берілген мектепті сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу тек 2008 жылы жүргізілді. Бұған дейін Ерболат Досаев аудандағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасауға көмектесетін 200 орындық қосымша құрылысты бастауды тапсырған болатын. 

Барлық жұмыстар өткен жылы басталды, салынып жатқан үш қабатты ғимараттың ауданы 2,4 мың шаршы метрден асады.

Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қала басшысына бүгінгі таңда нысанның дайындығы 80% -ды құрайтынын  айтты. Қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған оқушы сыныптарын жөндеуден басқа, жобада асхана және аумақты қосымша көгалдандыру қарастырылған. Сондай-ақ, бірқатар кабинеттерде интерактивті панельдер орнатылады. Қазір жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде. 

Ерболат Досаев материалдардың сапасына, мектептің заманауи жабдықтарына және мектеп жиһазының ыңғайлылығына ерекше назар аудара отырып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін құрылыс жұмыстарын жеделдетуді және аяқтауды тапсырды.

«Қазір маусымның ортасы, 1 қыркүйекке дейін қазандық дайын болуы керек. Мектеп жаңа оқу жылында ашылуы тиіс», - деп тапсырды Ерболат Досаев.

Айта кетерлігі, Жетісу ауданында барлығы 21 мектеп, ал қала бойынша 215 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында Алматыда 6 оқу орны іске қосылады. 

Қазіргі уақытта 6 қосымша ғимараттың құрылысы мыналарда жүргізілуде: №112 мектепте 300 орынды, №103 мектепте 200 орындық, №59 мектепте 750 орындық  №174 мектепте 375 орындық, №195 мектепте 450 орындық  (аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 1 тоқсан), №99 мектепте 510 орындық. Тағы 4 мектеп бойынша қосалқы нысандар салынуда, олар  №198 мектепте  600 орындық, №16 мектепте  300 орындық, №160 мектепте 325 орындық, №201 мектепте 450 орындық. Жұмыстар биыл басталады деп жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #қосалқы нысан #әкім тапсырмасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);