Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл то...

Алматыда Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

Барлығы 21.01.2026, 14:36 625
Алматыда Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті
Қайрат Қонысбаев

Қазақстан Жазушылар кітапханасында көрнекті ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай "Ұлт руханиятының шамшырағы – Қайым Мұхамедханов" атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға "Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы" директоры, ғалымның қызы Дина Мұхамедхан, әдебиеттанушылар мен ғалымдар, университет профессорлары мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты Найля Тажикбаева дара тұлғаның өмірі мен еңбектеріне тоқталып, оны дәріптеудің маңызы орасан зор екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар кітапханасына Қайым Мұхамедханов туралы кітабын тарту етті. Ал Халықаралық ТҮРКСОЙ сарапшысы, әдебиеттанушы-ғалым  Серікқазы Қорабай халқының рухани мәдениетіне қосқан үлесіне тоқталды.

"Биыл 5-ші қаңтарда Алаш рухын арқалап, Абай аманатын қорғап, ұлт мүддесі жолында, біздің болашағымыз жолында жанқиярлықпен күрескен ірі тұлғаларының бірі де бірегейі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Шәкәрімтану негізін қалаған профессор Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толды. Ол – қазақ әдебиетіне, ұлтымыздың көркемдік-эстетикалық әлеміне теңдессіз үлес қосып, өз халқының рухани мәдениеті мен ойына жаңа кеңістік ашқан ғалым. Басқасын айтпағанда, ұлы Абай мұрасы мен Абайдың ақындық мектебін зерттеп, насихаттауы Қайым Мұхамедхановтың ғылыми үлкен ерлігі деп білу керек. Ғалым өзінің мұраттарына адал болды. 1951 жылы "Абайдың әдеби мектебін" зерттеп жазған еңбегі үшін 25 жыл жазықсыз сотталып, зардап шексе де, мұқалмады", – деді профессор.

Жазушы-журналист, Қайым Мұхамедханов туралы "Ер қазақ" кітабының авторы Дәулет Сейсенұлы өмірін еліне қызмет етуге арнаған тұлғаның бойындағы асыл қасиеттер мен қайсар мінез қалай қалыптасқанын түсіндірді.

"Қайымның әкесі Мұхамедханның үйі – Абай, Шәкәрім, кейін Мұхтар Әуезов, Алаш арыстары – Әлихан, Ахмет, Міржақып қона жатып, әңгіме-дүкен құратын қасиетті құтханасына айналған. Шәкәрім қажылықтан оралған соң, осы үйде аялдапты. Сонда Мұхамедхан бой түзеп өсе бастаған Қайымға "Алаш арыстарының тізесінде отырып өскен сенің жаман болуға хақың жоқ" дейтін көрінеді. Айтқандай-ақ, Қайым жасынан аталы сөзге, жақсы ортаға үйір болып өсті. Солайша арадағы 25 жас айырмашылығына қарамастан, жас Мұхтар Әуезовтің іні-досына айналды", – деді Дәулет Сейсенұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайым Мұхамедханов #кітапхана #110 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика