AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының кеш...

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының кешенді сап түзеуі өтті

Заң мен тəртіп 11.05.2024, 11:55 686
Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының кешенді сап түзеуі өтті
Сурет: Polisia.kz

10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

 Оның мақсаты – жеке құрамның тәулік бойы құқық тәртібін қорғау, қылмыспен күресу және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz*ке сілтеме жасап. 

"Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. “Қылмысқа мүлдем төзбеушілік” аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сондай-ақ полицейлер көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев. 

Саптүзеу барысында қызметкерлердің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, сондай-ақ қаладағы заңдылық пен тәртіптің сапасына әсер ететін техникалық құрал-жабдықтары тексерілді. Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күнделікті өз қолдарына алатын патрульдік полиция полкі, мамандандырылған батальон, ЖҚАЖ қызметкерлері командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #біріктірілген жасақ #саптүзеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика