конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда пойыздарды тексеру кезінде күйе мен көмір...

Алматыда пойыздарды тексеру кезінде күйе мен көміртегі оксиді бойынша шекті нормалардың асқаны анықталды

Алматы құшағында 18.03.2026, 11:08 399
Алматыда пойыздарды тексеру кезінде күйе мен көміртегі оксиді бойынша шекті нормалардың асқаны анықталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экологтар Алматы-2 вокзалында локомотивтердің шығарындыларында ластаушы заттар концентрациясының жоғарылағанын тіркеді., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

“Eco Almaty” ЖШС-нің мобильді экологиялық зертханасы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Алматы-2 вокзалы аумағында теміржол көлігінің ластаушы заттар шығарындыларына мониторинг жүргізді.

Тексеру барысында локомотивтердің шығарынды газы өлшенді. Мониторинг нәтижелері бойынша жекелеген көрсеткіштер бойынша нормадан асып кету фактілері анықталды.

Атап айтқанда, көміртегі оксидінің (CO) концентрациясы 17,45 болды, ал бір реттік шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) 5,0. Бұл белгіленген нормативтен шамамен 3,5 есе жоғары.

Сондай-ақ күйе (қара көміртегі) бойынша да асып кету тіркелді: концентрациясы 0,528 мг/м³ болды, ал бір реттік ШРК 0,15 мг/м³. Бұл да нормативтен шамамен 3,5 есе жоғары.

“Eco Almaty” ЖШС экологиялық мониторинг жүргізіп, шығарындылар көрсеткіштерін тіркейді. Анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат Алматы қаласының Экология департаментіне және табиғатты қорғау прокуратурасына одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Тексерулер тұрақты негізде жүргізіліп, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылауға және ластану көздерін анықтауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пойыздар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қытай Халық Республикасы делегациясымен әлеуметтік саясат және отбасын қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін 19:38

Алматыда жаңа заманауи онкологиялық орталық салынады

Бүгін 18:03

Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 17:23

Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды

Бүгін 17:14

Құрылтай-2026: кәсіпорындар сайлауалды бәсекенің жаңа алаңына айналды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);