AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда өздерін ҰҚҚКБ қызметкерлері ретінде таныс...

Алматыда өздерін ҰҚҚКБ қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды

Заң мен тəртіп Кеше 10:21 102

Тінту барысында 2 мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ бопсалау, қорқыту және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін заңсыз пайдалану фактілеріне байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Алматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырып, қару қолданып, мегаполис тұрғынынан ақша талап еткен адамдар ұсталды.

Атап айтқанда, 10 тамызда бір топ адам алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің соңынан аңдыған. Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, тапаншамен қорқытып, оны көлікке отыруға мәжбүрлеген және қала сыртына алып кеткен. Олар қысым көрсетіп жәбірленушіні туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Осылайша туысы олар көрсеткен нөмірге 3 млн теңге аударған.

Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында 2 мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Осыған ұқсас қылмыстық іс Ақтөбе облысында да қозғалды. Онда бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол да өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғындардан психологиялық қысым көрсету арқылы ақша талап еткен.

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың қорқытуы мен қысымына берілмеуге шақырады.

Мұндай жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға жүгіну қажет.

ІІМ азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделеріне қарсы қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Бүгін 13:30

Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Бүгін 13:20

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Бүгін 13:08

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті

Бүгін 12:43

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);