AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды тонаған «полиц...

Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды тонаған «полицейлер» ұсталды

Заң мен тəртіп 28.09.2023, 06:37 1,130
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды тонаған «полицейлер» ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Көшеде өтіп бара жатқандарды газ тапаншамен қорқытқандар жалған полицейлер болып шықты. 


Олар адамдарды газ тапаншамен қорқытып, ақшалары мен телефондарын тартып алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің мәліметінше, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған екі азамат өтіп бара жатқан адамдарды тонаған.



«Тергеудің осы кезеңінде, күдіктілер – 27 жастағы А.есімді азамат пен 20 жастағы Г.есімді азамат жастарды тоқтатып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Содан оларға жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды деп сендіргені белгілі болды. Одан кейін олар ақша талап еткен, көнбеген жағдайда, газ тапаншасымен қорқытып, телефондары мен ақшасын тартып алған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.



Сонымен қатар полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тонау #жалған полицейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);