AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда отандық өндірушілердің көрмесі басталды

Алматыда отандық өндірушілердің көрмесі басталды

Өмір-өзен 29.07.2022, 11:22 1,801
Алматыда отандық өндірушілердің көрмесі басталды
Сурет: «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі

Оған қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.


Бүгін Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» атты отандық өндірушілердің көрмесі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өңірлік көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.


Шараға Алматы қаласының әкімдігі, елшіліктер мен консулдықтар, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.



«Бүгін біз Алматы бизнесі үшін айтулы шараға жиналдық. Бүгінгі көрме «Қазақстанда жасалған» өндірістің, тұтастай экономика дамуының нақты көрсеткіші. Отандық өндіріс төңірегінде көп сын айтылады. Тіпті жергілікті өндіріс жоқ дейтіндер бар. Менің айтарым, өндіріс саласы жылдан жылға өсіп, дамып келеді. Осы бастамаларды палата, мемлекет, қоғам ретінде бірлесіп, қолдау көрсетіп қана ілгерілете аламыз. Әркез, мүмкіндігінше отандық өнімді таңдайық! Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті ашылу салтанатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.



Көрмеге қатысып жатқан алматылық өндірушілер сауда, қызмет көрсету, машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп салаларында еңбек етеді.


Алматыда 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 861 бірлікті құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың тиісті езеңімен салыстырғанда өнім шығару (салыстырмалы бағаларда) 28,5%-ға ұлғайды, жұмыспен қамтылғандар саны 17,4%-ға өсті және жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 2022 жылғы 1 сәуірде 10,6%-ға өсті.



2022 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 2854,6 млрд теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 61%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 38,1%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 0,3%, шаруа немесе фермер қожалықтары 0,6% құрады.



Бүгін көрме аясында алматылық сән саласындағы дизайнерлер сән шеруін өткізді. Қонақтар арасында сыйлықтар ұтысы ойнатылды. Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 29,30,31 шілде өтеді.



30 шілдеде KASE биржа қоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының өкілдері кәсіпкерлерге арналған қолдау, мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпарат беріп, шеберлік сабақтарын өткізеді. Қонақтар арасында сыйлық ұтысы ойнатылады.


Ал 31 шілде көрме-байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары елордада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Көрменің соңғы күні концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көрме #өндіруші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);