AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80...

Алматыда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді

Әлеумет 06.05.2025, 19:01 985 Bakyt
Алматыда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді
Алматы қаласы әкімдігі

Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар Алматының барлық аудандарында 7-10 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Алматының барлық ауданында 7 және 9 мамыр күндері Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді.

Алмалы ауданы

8 мамырда сағат 11:00-де Жеңіс аллеясының салтанатты ашылуы, оркестр мен ағаш егу. Өтетін орны – Төле би және Амангелді көшелерінің қиылысы.

9 мамыр күні сағат 12:00-де Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Медеу ауданы

7 мамырда сағат 11:00-де 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шерудің тікелей көрсетілімі.

Сағат 12:00-де Медеу ауданының 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара аясында 300 оқушы мерекелік шеруге қатысады.

9 мамырда сағат 09:30-да 28 Панфилов саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Сондай-ақ, осы күні сағат 16:00-де Медеу ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді.

Мереке күні 9 мамырда еріктілер «Жеңіс лентасын» таратады.

Бостандық ауданы

8 мамыр сағат 8:30-да Жас Қанат саябағындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік. Сағат 11:00-де Нұр-Алатау шағын ауданындағы обелискке гүл шоқтарын қою.

Әуезов ауданы

8 мамыр күні сағат 09:00-де Ұлы Отан соғысына қатысушылардың бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді (Райымбек даңғылы, 235).

9 мамыр күні сағат 11:00-де Family park аумағында әскери-инженерлік институттың үрмелі оркестрінің қатысуымен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік концерт өтеді.

Алатау ауданы

7 мамырда сағат 10:00-де Алатау ауданы әкімдігінің алдында «Ер есімі - Ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Содан кейін сағат 11:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне (7 мамыр) және Жеңіс күніне (9 мамыр) арналған концерттік бағдарлама өтеді.

8 мамыр күні сағат 10:00-де Зерделі шағын ауданы 1/78 үй Ардагерлер аллеясының ашылуы.

Түрксіб ауданы

8 мамырда сағат 10:00-де ауданда ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтеді (Даңқ мемориалы, «Ұлы Отан соғысындағы Кеңес халқының жеңісі» мемориалы, Солтүстік зираттағы Жеңіс мемориалы, Ауған ардагерлері алаңындағы стела, соғыс майданында қаза тапқан түлектерге арналған ескерткіш, сондай-ақ, еске алу даңқы мемориалы қайтыс болған ұшқыштар туралы).

Іс-шараға аудан ардагерлері, ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының өкілдері, мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысады.

Сондай-ақ, 8 мамыр күні сағат 10:00-де Жас Қанат шағын ауданында Ардагерлер аллеясының ашылуы.

9 мамыр күні сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта Жеңіс күніне арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, эстрадалық-симфониялық оркестрдің қойылымы және дәстүрлі сарбаз ботқасы бар ардагерлерге арналған мерекелік түскі ас өтеді.

Жетісу ауданы

7 мамырда сағат 09:00-де Орталық зираттағы Белгісіз сарбаз ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді (Райымбек даңғылы 235).

8 мамыр күні сағат 13:00-де Көкмайса шағын ауданы Ардагерлер аллеясының ашылуы.

9 мамыр күні сағат 10:00-де әл-Фараби алаңында (Айнабұлақ шағын ауданы) қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Наурызбай ауданы

8 мамыр күні сағат 9:00-де Наурызбай ауданының №187 мектебінің (Жандосов көшесі, 2) аумағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ардагерлер аллеясы салтанатты ашылады. Іс-шара аясында соғыс батырларын еске алу үшін гүл шоқтарын қою және ағаш отырғызу өтеді.

8 мамыр күні сағат 14:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) мерекелік іс-шара өтеді. Концерт бағдарламасында  көрме, дала асханасы және сарбаз ботқасын тарату бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мамыр #Отан #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);