AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтт...

Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті

Не? Қайда? Қашан? 06.05.2024, 12:01 1,278
Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Республика Сарайында ардагерлерге, Отан қорғаушыларға, сондай-ақ әскери жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.


Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы, Сая Махамбет және т.б. артистер Отан, ел мен жер туралы ән салды.


Сонымен қатар, мерекелік кеште 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі.




Мереке армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды. Олардың құрметіне IL Canto квартеті «Сағадат» және «Мықты адамдар...» әнін орындады.


Концерттік бағдарлама эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әнімен аяқталды.


Отан қорғаушы күніне орай, Алматының барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары және т.б. өткізілді.



Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Алматының аудандарында мерекелік іс-шаралар өтеді.



Бостандық ауданында сағат 09:00-де «Ел ертеңі - бүгінгі жастар» атты салтанатты іс-шара өтіп, әскери қызметшілер марапатталады, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.



Жетісу ауданында сағат 11:00-де «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.


Алатау ауданында сағат 11:00-де әкімдік ғимаратының алдында «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Толығырақ Almaty.kz сайтында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #отан қорғаушы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);