Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін б...

Алматыда орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін балабақшалар мемлекеттік меншікке қайтарылады

Әлеумет 02.12.2021, 12:09 1,078
Алматыда орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін балабақшалар мемлекеттік меншікке қайтарылады
lyubimiigorod.ru

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, Алматыда мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік бар. Сондықтан, жаңаларын салумен қатар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттарын қала меншігіне қайтару жүргізілуде.



«Бұл ғимараттарды жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін, әкімдік жеке кәсіпкерлермен шарттарды ұзартпайды. Кейіннен осы объектілерде мемлекеттік балабақшалар ашылатын болады. Айта кетсек, қазіргі уақытта көптеген нысандар қанағаттанарлықсыз жағдайда, жобалық қуаттылықты арттыру және сейсмикалық күшейту арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар үшін орын санын 1200-ден 1800-ге дейін арттыру көзделіп отыр», - деді Ілияс Өсеров.



Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Алматы бойынша үш балалар музыкалық мектебін - №1 (хор), Прокофьев атындағы №3 және №11 жеке секторға беру жоспарланған. Алайда, балаларды мектептен тыс тегін, оның ішінде музыкалық біліммен барынша қамтуға байланысты бұл мектептер жекешелендірілетіндер тізімінен шығарылды.


Бұл ретте жекешелендірілетін объектілер тізбесінен үш стратегиялық кәсіпорынды – «Алматыэлектротранс» ЖШС, «ЭкоАлматы» ЖШС және ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Сонымен қатар, Алматы теміржол ауруханасының медициналық қызмет бейінін одан әрі сақтай отырып, мемлекеттік меншікте сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, 2018 жылы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бұл аурухананы осы компанияға үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді.


2021 жылы сенімгерлік басқару шартымен бірге бұл нысан коммуналдық меншікке қабылданды. Қазіргі кезде сенімгерлік басқару мерзімі аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша #өсеров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика