AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда өрттің алдын алу үшін мыңдаған рейд жасал...

Алматыда өрттің алдын алу үшін мыңдаған рейд жасалып, жүздеген құқықбұзушылықтың жолы кесілді   

Барлығы 21.11.2025, 15:09 448
Алматыда өрттің алдын алу үшін мыңдаған рейд жасалып, жүздеген құқықбұзушылықтың жолы кесілді   
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлеп, қаланың табиғи аумақтарындағы өрт жиі шығатын маусымдағы жағдай туралы жан-жақты есеп ұсынды.

26 наурыздан 20 қарашаға дейінгі аралық өрт қаупі жоғары маусым  

Жұматаевтың айтуынша, Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес қала аумағында өрт қаупі жоғары кезең белгіленген. Соның ішінде 21,6 мың гектар орман-саябақ аумағы ерекше бақылауға алынып, табиғи өртке жол берілген жоқ.

Мамандар құрғақ шөп пен қамыстың тұтану қаупі жоғары 34 учаскені анықтаған. Дәл осы аумақтарға күнделікті бақылау жүргізіледі:

•    3 бейнекамера орнатылған, оның екеуі Іле-Алатау ұлттық паркінің жедел кезекшілік пунктінде.
Сонымен қатар департамент көршілес аудандар мен ауылдық округтерге алдын алу іс-шарасын күшейту қажеттігі жөнінде хаттар жолдап жатыр.

Мониторинг кезеңінде ТЖД және полиция қызметкерлері:

•    146 рейд жүргізді;
•    халыққа 7 мыңнан астам жадынама таратты;
•    169 от жағу фактісінің жолын кесті;
•    167 адамды жауапқа тартты;
•    355 гектардан астам құрғақ дала аумағын тексерді;
•    жаз бойы Қөктөбе ықшамауданы мен Алма-Арасан шатқалын   сақшылар қорып жүрді.

Еркебұлан Жұматаевтың хабарлауынша, өрт қауіпсіздік режимін бұзғаны үшін:

•    2 адам ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жауапқа тартылған;
•    138 құқықбұзушы 410-бап бойынша 4,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген;
•    ЖПҚ қызметкерлері қосымша 3,1 млн теңге айыппұл салған;
•    тағы 16 адам 336-бап бойынша жауапқа тартылған.
Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін құрылған жедел жасақ құрамында:
•    күнделікті кезекшілік ететін 13 қызметкер;
•    2 сақшылар кешені;
•    барлығы 100 ТЖ қызметкері мен қосымша 130 әскери қызметші бар.

«Біздің басты міндетіміз — өрттің алдын алу», — дейді ТЖD өкілі.
Жұматаевтың айтуынша, Алматы қаласының ТЖД әсіресе халық көп демалатын, туристер жиі баратын орындарда профилактикалық жұмысты күшейтуді жалғастырып жатыр. Үнемі рейд те жүргізіп тұрады.

«Тұрғындарды абай болуға шақырамыз. Кез келген ұқыпсыздықтың арты үлкен өртке ұласуы мүмкін», — деп атап өтті Еркебұлан Жұматаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #Рейд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика