AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Орталық Азия елдерінің «Органик ЭКСПО-202...

Алматыда Орталық Азия елдерінің «Органик ЭКСПО-2025» өңірлік форумы өтеді

Барлығы 18.09.2025, 10:22 585 dulatbekova
Алматыда Орталық Азия елдерінің «Органик ЭКСПО-2025» өңірлік форумы өтеді
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 26–28 қыркүйек күндері Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің «Органик ЭКСПО-2025» өңірлік форумы өтеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және «Органик ЭКСПО-2025» ұйымдастыру комитеті ұйымдастырады.

Форум тұрақты және органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналады.

Негізгі тақырыптар қатарында:

•ауылдық аумақтарды дамыту үшін органикалық және регенеративті ауыл шаруашылығын қолдау;

•фермерлер үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер құру және «жасыл экономика» дамыту;

•табиғатты сақтайтын технологияларды енгізу;

•биоалуантүрлілікті сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру;

•агросектордағы көміртек ізін азайту және «жасыл» қаржыландыру тетіктерін дамыту.

Сонымен қатар қатысушылар жастар мен жас мамандарды білім беру бағдарламалары арқылы қолдау, инновациялар мен ғылыми әзірлемелерді тарту, өңірдің экологиялық және климаттық сын-қатерлерін азайту үшін халықаралық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.

Форум бағдарламасында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғалымдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс, тақырыптық бағыттар бойынша секциялық мәжілістер өтеді.

Сонымен бірге Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында органикалық өнім өндірушілерімен кездесулер, Organic Village фермасында (Алмалыбақ және Береке ауылдары) шеберлік сабақтары, сондай-ақ Caspian University алдындағы алаңда органикалық өнімдердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Форумның басты оқиғаларының бірі – «Органик Караван», онда қолөнершілер, фермерлер, кәсіпкерлер және шығармашылық қауымдастықтар тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орната алады.

Бағдарлама аясында Алматы облысындағы сертификатталған органикалық фермаға сапар ұйымдастырылып, тұрақты ауыл шаруашылығының үздік тәжірибелері мен жаңа технологиялары ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Органик ЭКСПО-2025» #Алматы #өңірлік форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);