AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш а...

Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды

Мәдениет 15.04.2022, 11:46 1,903
Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтың, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішевтің, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың, мәдениет қайраткері Қуаныш Әбдіқалымовтың, филолог әрі ақын Аққұштап Бақтыгерееваның, әншінің туғандары мен жақындары – ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағлановтардың қатысуымен әйгілі әнші ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Медеу ауданындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдына биіктігі 4,8 метр қола ескерткіш орнатылды, филармония қабырғасында 1949-1960 жылдар аралығында Роза Бағланова өнер көрсеткен еді. Қола және граниттен жасалған ескерткіштің авторлары – мүсіншілер Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А.Жамхан, А.Қабыл.


Ескерткішті ашу рәсімі барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Роза Бағланованың қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға қосқан баға жетпес зор үлесін атап өтті.





«Біздің ұлы әншіміз Роза Бағлановаға ескерткіш орнату – оның мұрасын құрметтеу және есте сақтау. Ол музыка өнерінің шырқау биігіндегі жарық жұлдыз болды. Оның ерекше дауысы мен таланты біздің халқымыздың баға жетпес құндылығына айналды. Әншінің сүйікті қаласы – Алматыда 100 жылдық мерейтой аясында Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыру үшін ескерткіш орнатқанымызға  шексіз қуаныштымын», – деді Ерболат Досаев.



Қала басшысы сұлулық пен биік өнердің символына айналған Роза Бағланованың мәдениет пен өнердің қара шаңырағы – Алматы қаласында ескерткіш-бейнесінің тұруы қай жағынан да тарихи әділеттілік екенін айтты. 



«Осынау еңселі ескерткіштің авторлары – Ешкенов Ғазиз, Жамхан Айдар және Ақжолтай Ұлағат ортамызда. Орайлы сәтті пайдалана отырып, ғажайып мүсінді сомдап шыққан өнер иелеріне алғыс айтқым келеді. Барша қала тұрғындарын, зиялы қауымды, жиналған жұртшылықты бүгінгі еңселі ескерткіштің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын»! - деді Ерболат Досаев. 



Бүгін Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Республика Сарайында «Ақмаңдайлым» атты мерекелік концерт өтті. Аты аңызға айналған әншінің репертуарындағы әндерді танымал қазақстандық әртістер орындады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ескерткіш #Роза Бағланова #ашылу салтанаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);