Мемлекет үшін жасаған әрбір әрекетіміз маңызды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде «Өнер қырандары» театрының актерлері Мадияр Серікбаев пен жұбайы Дана Тұрарбек отбасымен бірге дауыс берді.
Мадияр Серікбаев осындай жауапты кезеңде танымал тұлғалардың қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түсетінін атап өтті.
«Біз өнер адамдары ретінде халықтың алдында жүрміз. Көпшілік бізді танитындықтан, мемлекет үшін жасаған әрбір әрекетіміз маңызды деп ойлаймын», – деді ол.